Нұрислам Әбділ. Театр туралы топтама

ӘДЕБИЕТ
3638


Көрерменге кеңес


Ырқыма көнер ме екен өлең дөнен,

Ынтықпын өлеңге мен өнерге мен.

Адамдықтан безгенім болар сірә,

Адалдықтан аттасам егерде мен.


Бір мұңым бар, ішімде көнерген бе?

Тиісті емес бағасы төмендеуге,

Тым ардақты театр жайлы мұңым,

Сыңар жақты қарайтын көрерменге.


Көремен көп  тон пішер сыңар жақты.

Санаңды - аудар, төңкер бұған нақты.

Драматург, режиссер ешкім емес

Олар үшін әртістер тым ардақты.


Дұрысқой, дегенменен терең қара,

Көреген көз өнерге берер баға.

Бәлкім осы өлеңім септік етер,

Спектакль көрсеңіз егер жаңа.


Рухани байлыққа бөленседе,

Қаламы қаламгердің көлеңкеде.

Режиссер-капитан, әртіс-матрос, 

Драматург-адмирал,  өнер - кеме.


Ара  жігін айырар қарағы адам,

Таласың болмас титтей,сірә маған.

Ілгіштен басталғанмен  беу театр,

Білгіштер бастау жолы  драмадан.


Ал, режиссер кім өзі білесіңбе?

Барлық еңбек дерлік оның үлесінде.

Қиыннан қиыстырып жоқты тауып,

Қоғамның көшін  тіктеп күні өтуде.


Сен үшін суретші кім істетші ақыл,

Қаншама еңбегі көп іске татыр.

Оқиғаға лайық сипат берген

Қыл қаламның ұшында спектакль.


Ырғақсыз-ырық кетер безіп өмір,

Өмір толы әуен-ғой өзі небір.

Сазгерді сахнадан көргің келсе,

Музызыканы жаныңмен сезіне біл.


Сезінуге жетпес-ау  пәрмен бірден

Төл өнер шектелмейді әнмен, жырмен.

Сенің егер бетіңнен сәуле сүйсе,

Жарықтыңда күші бар әрлендірген.


Осылай сөз тіркесін кәміл етем,

Әртістің шеберлігі бәріне тең.

Құдіретті өнердің аманаты 

Шүберекке түйілген жанымен тең.



ТЕАТР


Театр, төрт қабырға, бір шымылдық, 

Ар жағында перденің тұр сұлулық. 

Ал, сахна сайыстың шаршы алаңы 

Махаббатпен айқасар сұм, зұлымдық.


Бірде жеңіп зұлымдық, бірде сезім, 

Ақ пен қара айқасқан күй кешемін. 

Драматург - құрып берген шахматтың, 

Режиссер - жылжытып тұр көшегін.


Режиссер жүктеген ғалам мұңы, 

Қартайтар қаранардай табандыны. 

Артистің сорлылығы-мамандығы,

Бақыты-кəсібіне адалдығы. 


Келген кезде мен мұнда аңдағаным, 

Тіршілігі осында бар ғаламның.

Төрт қабырға ішіне төрткүл дүние , 

Қалай сыйып кеткен деп таңқаламын?!.


Беу, театр!..

                                                              21:11 20.11.2016 ж. 


"МАСКА"


Уа, театр! 

менің тұңғыш, əрі соңғы ғашығым, 

Ақылына жеңдіретін ашуын. 

Өткенгі анау ғасырменен бір кеткен, 

Ару қыздар осында əлі шашы ұзын. 


Жусан исін жұпар етіп шашатын, 

Мұң мен сырын айға ғана ашатын. 

Сұқтанғандар сұсын көріп қашатын,

Көздіккенің көзбен мысын басатын,

Осындағы есті, етекті қыздарға, 

Есі кетіп ғашық боп жүр жас ақын. 


Театрға билет алам күн бұрын, 

Филімінен мезі болып үндінің. 

Театрға барған күнім əйтеуір, 

Басқа күннен мың есе артық бұл күнім. 

Ең алдыңғы отырып ап қатарға, 

Жақынырақ түрін көрем құрбының. 

Тербетіле тыңдай бергім келеді,

Тамылжыған таң- тамаша құрбы үнін. 

Осы үнмен үндесіп- ақ жатқандай, 

Ауылдағы таңғы таза бұлбұл үн. 

Кезіксем ғой дəл қазіргі кейпіңмен, 

Қара асфаьлтқа еккендейін қыр гүлін. 

Мейлі сырттай көрсемде осы бейнеңді, 

Сенің болып кетер едім құлдығың. 

Əйтпегенде сізбен жасты кейбір қыз, 

Күндік жерден көрсетіп жүр кіндігін. 


Бұл əнші қыз, 

Гүл тереді қырманнан, 

Əн салғанда үніне əлем ырғалған. 

Тіпті оның пьесада жоқ есімі,

Аты- жөнін естімеген тыңдарман. 

Ажар, Баян, Еңілікте емес ол, 

Бірақ биік осы аталған қыздардан. 


Ол көрмеген өсек-аяң не екенін, 

Көрінгеннің ұстамаған жетегін. 

Өзгелердей ел аузында өсек боп, 

Ер түгілі жел түрмеген етегін. 

Басты рөлді сомдап жүрген қыздардан, 

Сол бір қызды өмірде айна етемін. 


Енді міне спектакль біткелі, 

Екі сағат сізді ұзақ күткелі. 

Сізді қойшы киім ілер апай да, 

Бір сағаттай мұннан шығып кеткелі.

Əлде əлгі сахнадан көрген қыз, 

Періштедей көктен түсіп кеп пе еді. 

Өйткені бұл театрдан бірде қыз, 

Қос етекті көйлек киіп өтпеді. 

Əдеттегі əдетімдей əл құрып, 

Енді міне кетіп барам өкпелі...


Моншақ тағып кешкі қала аспаны,

Күзетшіде есік жауып тастады.

Кілт қайтадан ашылды да есігі,

Қыздар шықты түрлі-түсті шаштары.

Көп сарылып күткен қызым қайсы екен?

Сахнада күйіп жүрген масканы.


                                                           17.11.2016ж. 1:10 түн. 


Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жуырда ғана қайырымдылыққа аударған қазақстандықтардың қаржысын жымқы...

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...