Қазіргідей қиын әрі күрделі уақытта қандай мемлекет тез арада, барынша аз шығынмен дағдарыстан шыға...
АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ - "ЖЫЛ МИНИСТРІ"
Құрметті достар!!! Министрлердің көшін бастаған ҚР Мəдениет және Спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы - "Жыл министрі" атанды!!!! Халықтың дауысы, халықтың қолдауы!!! Құтты болсын!!!
"Қазақ үні" газеті мен Qazaquni.kz ұлттық порталының 2018 жылғы «Жыл адамдары» сараланды. Еліміздің еңселі болуы үшін еңбектеніп жүрген ел азаматтарының жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларын атап өту мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан осынау жоба аясында оқырмандар қалаған тұлғасын таңдай алды.
Дауыс беру телефон сауалы, смс, электронды пошта хабарлары және әлеуметтік желі арқылы өткізілді. Арнайы құрылған Сарапшылар алқасы 2018 жылдың үздіктерін анықтады.
Жыл министрі – Арыстанбек Мұхамедиұлы!!!
Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен биыл Рухани жаңғыру аясында көптеген игі шаралар істелді. «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» атты Қазақстанның мәдениеті мен әдебиетінің халықаралық форумы төрт елде – Сеулде, Лондонда, Берлинде және Нью-Йорк қалаларында өтті. Сонымен қатар ел күнтізбесінде жаңа мереке – Домбыра күні енгізіліп, Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ұлттық домбыра күнін кең көлемде атап өтуге мұрындық болды. Астанада алғаш рет аталып өткен Домбыра күніне еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан астам күйші келіп қатысты. Сонымен қатар айтыстың Халықаралық жəне Республикалық жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен ұлтына деген жанашырлығын, батырлығын көрсеткен қайраткер!!!!