Әбіш Кекілбаевтің кітабы бір жыл бойы оқылады

ӘДЕБИЕТ
2295

Әбділдә Тәжібаев — атақты ақын, көрнекті ғалым, танымал драматург, белгілі қоғам қайраткері. Қазақ әдебиетінің тарихында есімі алтын әріппен жазылар ірі суреткер. Шоқтықты тұлға. Ол, сонымен қатар, әдебиеттану, театртану саласында да көп бейнеттенген ілім иесі. «Өмір және поэзия», «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» монографиялары, «Қазақ театр тарихының» I томы құрастырушыларының һәм редакторларының бірі болуы оның зерттеушілік қырларын әрқалай паш етер маңызды еңбектер.

Туғанына ғасырдан астам уақыт өткен жалын жүректі шайырдың оттан өрілген өткір сөздері қазақ жұртының әманда намысын жани бермек.

Ендеше құрметті достар!
2018 жыл соңында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында, 2019 жылдың «Бір ел – бір кітап» акциясын анықтауға дауыс беру әлеуметтік желіде жарияланған болатын, осы жобаны қорытындылау мақсатында облыстық, қалалық, жоғары оқу орындарының кітапхана басшылары мен қызметкерлері оқырман дауыс санын анықтай келе бір ауыздан 2019 жылы жазушы Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтің өлеңдерін оқуды мақұлдады.

2019 жыл "Бір ел бір кітап" акциясында Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығында «Аңыздың ақыры» - «Конец легенды» романын Ел болып оқиық! Сонымен қатар, ақын Әбділда Тәжібаевтің өлеңдерін бірге оқуға шақырамын!

Layila Koldabaeva

author

Әбіш Кекілбайұлы

ЖАЗУШЫ

Жаңалықтар

Танымал әнші RaiM Ерке Есмаханның үлкен ұлына соңғы үлгідегі көлік сыйлады. “Міне, бүгін папа...

Жаңалықтар

Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек анасы қайтыс болған соң басқа елге көшуге бел буғанын айтты, де...