АЛҒЫСӨЗСағаттың шықылдаған тіліне, күнге, айға байланған уақыт ауаны бір қалпынан өзгермейді дейді ғ...
Ой. Бейуақ!
Көргенім де көп болсын көрмегім де,
Өмір деген тағдырдың өрмегінде.
Цирктің атындай шырайналам,
Уақыттың құрсаулы шеңберінде.
Ертең әлсіз ол мүмкін...мықты бүгін,
Алтын сәуле аймалар шықты бұрын.
Санамдағы өрмекке шырмалғанмын,
Өз ойымның шарасыз тұтқынымын.
Дүр дүние тұрса ғой ән сап бәрі,
Келер күнім ақ самал аңсатпалы.
Тыныштықта ауаға сөз жазып жүр,
Көлеңкемнің сап- салқын саусақтары.
Келші, құсым, жаныма, үркітпегін,
Миуаға айналсын бір түп көгім.
Сұп- суық дүниенің сырты мұздай,
Тоңазатты жанымды бүркіп демін.
Оңаша емес ой шіркін біргемін мен,
Ішім кейде жылайды күлгеніммен.
Ән айтады бейуақ өз тілінде,
Қызыл бедер салады үр демімен.
Қайда, қашан, есте жоқ қай уақта,
Түнде байғыз жылайды, Ай, уатпа.
Жарық көшіп барады тасаланып,
Қызыл іңір қыдырып бейуақта.
Маған емес, барлығы Құдайға анық,
Пыш- пыш дейді сайтаным былай барып.
Дөңгелейді дүние дамыл таппай,
Кіндігінде ойымның шырайналып.
Ерболат Баятұлы