Жан, сенің құдіретіңді ұқсам етті

ӘДЕБИЕТ
2113

Бауырына басқанда түн даланы,
Бұлың бұлт та тыншиды мұржадағы.
Төсек дейтін табытқа таңып қойып
Құдай менің жанымды күнде алады.

Тәнімді тастап шығып түс көремін,
Жанымды тордан ұшқан құс көремін.
Түс – менің алқынбайтын сапарларым,
Түс - менің таусылмайтын ішкі өлеңім.

Ажал ажал бола ма айтып келген,
(Нем артық қырда жатқан айшықты елден).
Жан, сенің құдіретіңді ұқсам етті
Құдай алып, қайтадан қайтып берген. 

Сағыныш Намазшамова

author

Сағыныш Намазшамова

АҚЫН

Шоу-бизнес

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдық әннің әуезімен әуежай алдында биледі, деп хабарлады madenipo...

Жаңалықтар

Жетісу облысында Алакөл аудандық сотымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығ...