Қол қоюымды талап етті: Руслан Өтепбайға Қордайдағы істі желіде жариялауға шектеу қойылуда

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1542

Руслан Өтепбайға Қордайдағы істі желіде жариялауға шектеу қойылуда, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Журналист Руслан Өтепбай Қордайдағы 15 жасар қыз бен перзенті үшін шырылдап жүрген анамен сұхбаттасуға барғанын жазған болатынбыз.

Қордайда істің анық-қанығын біліп, жауап іздеп жүрген журналист жергілікті полициядан мардымды жауап ала алмаған. Оған қоса тергеуші бұл іс туралы әлеуметтік желіге жарияламау үшін құжат ұсынып, қол қою қажет екенін айтқан. Дегенмен, Руслан Өтепбай ол құжатқа қол қоюдан бас тартқанын жазған. 

“Содан көлікке отырып, қайтып бара жатқан тұста  тергеуші келіп,  15 жасар қыздың қылмыстық ісін әлеуметтік желіге жарияламау үшін маған әлдебір құжатты ұсынып, қол қоюымды талап етті. Ал мен одан бас тарттым. Себебі, бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ”, - деп жазған журналист. 

Айта кетейік, Руслан Өтепбай бұл журналистік зерттеу әлі де жалғасып жатқанын жазған.