«Балуын Шолақ» тарихи кинолентасы жуырда көрерменге жол тартады

Жаңалықтар
1476

Палуан, әнші әрі композитор Балуан Шолақтың өміріне арналған жуырда жарық көретін «Балуын Шолақ» тарихи кинолентасы жалпы көрерменге арналады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде қазақстандық кинематографтың дамуына арналған баспасөз отырысында мәлім болды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы"



Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда жаңа, бәсекеге қабілетті және заманауи кино қалыптасты. Спикерлердің айтуы бойынша, осындай фильмдердің бірі – палуан, әнші әрі композитор Балуан Шолақтың өміріне арналған жуырда жарық көретін «Балуын Шолақ» тарихи кинолентасы.

«Жалпы айтар болсақ, бұл кино бізге не үшін керек? Кино - идеологиялық саясаттың үлкен бір қаруы, ұлттық руханиятты алты құрлыққа паш ететін жақсы құрал. Біздің соған құқымыз бар. Жағдайымыз да жетеді. Құдай қаласа, біраз күннен кейін «Балуан Шолақ» фильмімен Алты Алаш қауышатын болады. Режиссер Нұргелді Садығұлов айтып өткендей, Балуан Шолақты көп жастар танымайды. Тек астында «КФС» сататын Балуан Шолақ спорт кешені деп қана біледі. Ал шындығында, бұл батыр біреуді боз кілемде жыққанымен емес, елдің намысын, қазақ өнерінің жүгін арқалап, атадан балаға мирас болған үлкен музыкалық құндылық қалдырған арда азамат екенін бірі білсе, бірі білмейді. Сондықтан, Балуан Шолақ туралы тек спорт немесе өнердің төңірегінде жүрген адамның білуі шарт емес. Бұны жалпы халық білуі керек», - деп атап өтті Балуан Шолақтың рөлін сомдаған танымал актер Еркебұлан Дайыров.

Жаңалықтар

Түркістан облысы Келес ауданындағы N8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің өзбек тілі...

Жаңалықтар

Қостанай облысында зауыт жұмысшысы зауыттағы бетон араластырғышқа құлап, қайтыс болды, деп хабарла...