Қазақстан Жазушылар одағында ƏДЕБИ жыл қорытындысына арналған жиын басталды

ӘДЕБИЕТ
863

Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде дəстүрлі Əдеби жыл қорытындысына арналған жиын басталды. Әдебиет саласында бір жылда жарық көрген кітаптар мен жеткен жетістіктер, қазақ әдебиетінің бүгінгі хәл-ахуалы жайында айтылатын жиын республикадағы ақын-жазушылар мен әдебиет зерттеушілерінің һәм драматургтердің басын қосып отыр. Бұл жиындағы спикерлер қатарында Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Төрағаның орынбасары, ақын Бауыржан Жақып.

          Сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар одағының жанрлық кеңестері бойынша баяндама жасайтын қаламгерлер:

          «Проза» бойынша Әділдабек Салықбай;

          «Поэзия» бойынша Нұржан Қуантайұлы;

          «Балалар әдебиеті» – Арасанбай Естенов;

          «Әдеби сын» –  Жанғара Дәдебаев;

          «Драматургия» – Қолғанат Мұрат;

          «Деректі проза» – Өтеш Қырғызбаев;

          «Сатира» – Үміт Зұлқарова;

          «Ұйғыр әдебиеті» –  Рахматжан Юсупов;

          «Шетелдегі қазақ әдебиеті» – Алмас Ахметбекұлы;

          «Аударма» – Заманбек Әбдешев;

          «Орыс әдебиеті» – Лейля Калаус;

          «Фантастика» – Нәрбин Кенжеғұлова;

          «Жастар поэзиясы» – Алмас Нүсіп;

          Жиын соңында, 2017-2018 жылдар үшін бір топ қаламгерлерге Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы тапсырылады деп күтілуде.

author

Ақберен Елгезек

АҚЫН

Парламет дауысы

Сенатор Дархан Қыдырәлі ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында мемлекет...

Мемлекет басшысы

Тарих толқында сан ғасырлар бойы қаншама мемлекет құрылып, бірі ескексіз қайықтай бағыты мен бағдары...