Нұркен НұрғазыБесік жыры"...знакомый ваш - Сергей Есенин!!!"(с) Есенин "ал...
Айзат Қадыралиева. Жылтыңдай беруге жаным қас
3444
Қарсы алдымда бір көзді темір тесіліп қарап тұрса, сөзден тосылып қала беретін әдеттен арыла алмай-ақ қойдым. Жылтыңдай беруге жаным қас еді, бірақ театрсынына байланысты солақай түсініктерге тойтарыс беремін деген ойымды аздап, аздап деп қоямын кәдімгідей шашыратып алдым. Қордаланып қалған біраз ойлардың түбін қопсытып қопарып айта алмағанымды да сезіп тұрмын. Негізі маған тік тұрып сұхбат бергеннен гөрі, еркін отырып әңгіме-дүкен құрған ыңғайлы екен. Мұрнына театрдың иісі баратын адам болса, онда тіпті жансарайың да ашылып, жанайқайың да айтылады.
Театрдың төңірегінде айтылар мәселе өте көп қой, соның бірін ғана айтайын. Өйткені, осы мәселе көлбеңдеп алдыңнан қайта-қайта шыға береді. Театр режиссерлерін, актерлерін түнгі екіде оятсаң да жаңылмай айтатын бір жаттанды сөздері бар. Ол "бізде драматургия жоқ" деп әндете берулері. Соған қарағанда бұл жауыр болған сөз олардың "сүйікті тіркесіне" айналып кеткен сияқты. Әшірбек Сығай: "Бізде драматургия бар. Ең бастысы өте жақсы әдебиет бар. Ауызды қу шөппен сүрткенше сол құнарлы көркем әдебиетімізді сахнаға шығару керек... " деп түрлі мысал келтірген, біз де талай келтіргенбіз. Бірақ сол бір сөзден құтыла алмай келеміз. Бұл әлде олардың самарқаулықтарына сылтау болып тұрған сөз бе екен?!