Дан. Нямаа. МЕНІҢ ӘЛЕМІМ /Сонет гүл дестесі/

ӘДЕБИЕТ
6721

Моңғол ақыны. Моңғолия Мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, Д. Нацагдорж атындағы сыйлықтың иегері. Жеке туындылары көптеген шетел тілдеріне, «Күн алақаны» эссе жинағы орыс тіліне аударылған. «Уақыт және Қаламгер» журналын шығарушы, әрі бас редакторы. 

 Бұл жолы біз оның сонет топтамасын  түпнұсқасынан тікелей аударып, қазақ оқырмандарына таныстырып отырмыз. Сонет жазудың қиындығынан өзге оның формасы мен философиясын әсіресе, астарлы сөз, ішкі ырғақтан құрылатын көшпенділердің философиялық түйіндерін әр тарауға үйлестіріп, тұтас бір ойдың желісін әр шумақ, әрбір тарауға (мысалы: әр өлеңдегі бастапқы екі шумақта төрт жолдан, соңғы екі шумағында үш-үш жолға сыйдырып) үзбей жалғастырып жырлап шығу ақыннан төзімділікті, ойдың жинақылығын қажет етеді. Осындай күрделі туындыны тәуекел ете отырып аударып, өз шама-шарқымызды сынап көрмек болдық. Ұсыну – бізден. Келелі кеңес – сіздерден.


ДАНЗАНГИЙН НЯМАА

І

Дүниеге келген себебім – белгілі...

Көзге ілінбес нәрседен де шуақ тауып денеме

Өзім соған шоқтай жанып қуанышқа тербеле

Өзгенің жанына сәуле төгейін дегенмін


Көгілдір кеште су жағасына отырсаң

Су астынан мөлдір тастар алуан түрмен жарқырайды

Ой ұшында ақ көйлекті бала бейнең көлбеңдеп

Ор төбелердің арасынан өзіңе қарай ұмтылады


Көлңекеден еш нәрсе дүниеге жаралмайды 

Өткеніме өкініш жоқ, жүрегім де қайғырмайды

Шығы мөлдір дүниенің Күні де еш сөнбейді


Шындық осы, қарапйым, өмір тегі – сәуеледен!

Момақан мына халқымның жүрегінен төгілген

Ақ батаға көміліп, дүниеден өтейін дегем, Мен!


ІІ

 Ақ батаға көміліп, дүниеден өтейін дегем, Мен!

Ақ селеуі тербелген шуақты кең даламда

Кіндік үзіп анамнан келгенімде ғаламға

Ұл туды! деп, әкешім алғаш бата берген-ді


Бәйге атындай жылдарды ерттеп мініп заулатып

Тағдырымның жұлдызын көк аспанда қаулатып

Ақбас шыңдар шалғайдан қолын бұлғай шақырып

Бақытымның жұлдызы тұратын төбемді жайнатып


Ақын жұлдызы деп қадірлеп, күбірлесем іштей, Мен

Сарғалдақтай сары атым соған қарап есінейді

Ұдайы мені қуантып, қуанышқа бөлейсің, Сен


Беу, мына дүние баталыға киелі

Пейіліне халықтың ырысын Тәңірі береді

Тірлігімнің мәні, тыныс сүлдерім де – белгілі


ІІІ

Тірлігімнің мәні, тыныс сүлдерім де – белгілі

Артқа шегеріп қорысам да, ғұмырым еш кетілмес

Он жиырмадан кенет қосылып, тағы да ол жетілмес

Алтынға орап құбылтсаң да, өткен күндер қайта келмес


Тамыры терең бұтағы берік емен екенмін, Мен

Ай, күндерге үлестіріп жапырақ төгеді екенмін, Мен

Уақыт сызығы кезегімен келіп, кетіп саялап

Ақша қар мен жаңбырға мүжіледі екенмін, Мен


Әйтсе де, Мен мәңгілік екенімді сеземін

Шуақ шашқан уақыт менен басталып

Шуақ төгіп жылдарға өтетінін білемін


Бақытыма өзімнің ешқашан да тоймаймын

Тірлігіме байланып, ән салуды қоймаймын

Алтын кеседен өзгелерге мәңгілік суын ішкізейін дегенмін

ІҮ

Алтын кеседен өзгелерге мәңгілік суын ішкізейін дегенмін

Балалықтың ертегісін шындыққа сол жеткізейін дегенмін

Қамқорлығын толық қайтара алмаған әкемді

Қос жұлдызды мекенінен қайтарып алып келейін дегенмін


Беу, шіркін, солай бір шынтағын сүйей отырып

Жанға қуат сөздерін зейініме қондырайын дегенмін

Тірлік қасіретін санадан бір сәтке санамнан өшіріп

Ақырғанын естіп, айтқанын тыңдап жүрейін дегенмін


Болмысыма бұйырған өзімдік бақытты еселеп

Басқаларға сыйлап, мәңгілік суын үлестіріп

Боз даламның төсінде әндетіп көрейін дегенмін


Қоңырқай балалық шағымның ертегісін ойласам

Қол жетпес жұлдыздар жырақтан мені күтеді

Уақыт ағысын сездірмей күміс күмбезін көтереді

Ү

Уақыт ағысын сездірмей күміс күмбезін көтереді

Қосақ-қосағымен жарысқан көк толқындар секілді

Қосақтала қалықтаған құстардың қаңқылы секілді

Қалқыған ойлар көкіректің қуысынан бүрлейді


Шөлейт құмдардың ерніне тамшыдайын төгіледі

Шөптің иісін сіңірген самал болып сөгіледі

Қажетті кезінде қорған болуға туылған

Лавсанцэрэннің Аюуш батырындай[1] егіледі


Қапияда Отаным алақанын тосып ұмсынып

Кәне, енді маған да «Ойларыңнан» бер десе

Алаулап жанған отымнан алақанына саламын


Шалғайдағы ойларым от екен, оттай жарық сәуле екен!

Алыстап кеткен жылдардың бұлғыр тұманы арасынан

Қоңырқай балалық шағым қолын бұлғап шақырады


ҮІ

Қоңырқай балалық шағым қолын бұлғап шақырады

Қой қосақтағандай жылдарды бірлеп қосақтап

Көк сәулеге көміліп гүл көмкерген атырапта

Қозы қайырып жалаңаяқ жүгіріп өскенмін, Мен


Кең дүние мені де анамдайын иіскегенін

Балалықта солай алғаш түсінгенмін

Тізе бүгіп, бұлақтың суынан жұтқанымда

Өз де кең дүниені сүйіп жатқанымды сезінгенмін


Иен төбелер жылғасын Ай сәулесі толтырғанда

Әсем үнді бір әуен естігенмін, Мен

Ерке балалық шағымнан түсініп бәрін есейгенмін


Ақ көйлегім кеменің желкені сияқты

Әуелете салған әндерім, алыстаған кеменің өзі сияқты

Уақыт – ол құпиясы шешілмес тылсым құдірет сияқты!


ҮІІ

Уақыт – ол құпиясы шешілмес тылсым құдірет сияқты

Ақша қар бұрқағандай...

Дүниедегі ғажайыптың шегі асыл анfшым

Жастық шақтың жүзі қара шашты бояйды


Күннің атуы үшін бататынының санымен

Байсал тартып Мен шешемнің түсіне ұқсаймын

Қарашығына ұлы бала қалпы көрінгенімен

Ақ саусағымен самайымды сипағанын қалаймын


Ақша бұлттай даланың таулары да жылыстап

Қоңыр-қоңыр төбелер емендейін гүлдегенде

Немерелерін еркелетіп анам да бір көгерер


Ағараңқы әуендер тым шалғайдан естіліп

Мамыражай мезгіл күлгін шымылдық желпігенде

Қар көбесі сөгіліп, гүл де мезгілмен көктейді


ҮІІІ

 Қар көбесі сөгіліп, гүл де мезгілмен көктейді

Ақ ботадай аспанда күн жалғыз жөңкілсе де

Сансыз алтын талшықтары жер кіндігі –

Жердегі алау гүлдердің жан-тамырымен байлаулы...


Құйқылжыған әуен шымырлап жүрекке құйыла

Қайғысыз бала кезіңдей күн қалықтай батады

Жұлдыз түрленіп аспанда сан тарапқа жамырап

Қақ төбеден жарық «Күн» от шуағымен шақырады


Күн мен шуаққа табынып жүргенім

Маған ұдайы қуаныш сыйлап

Балғын сәби мінезім қазір де өзіме көрікті!


Құландардың тас тұяғындай зулаған

Уақытсыз дүние шыркөбелек айналады

Сырнай, қобыз сазынан жылдар үні қалықтайды



ІХ

Сырнай, қобыз сазынан жылдар үні қалықтайды

Тағдырыма берілген Отаным гүлдеп қанаттайды

Қозы жайып төсіңде, гүлдерің үзіп есейген ем

Қара шашым ағарса да, бар күшімді берем өзіне!


Ауыр сезінген  кірпігімді алғаш ашқанда

Дүниенің көзі – Көк аспан маған зер салған

Қаршығадай қанатты жалынды жас шағымда

Отанымның аспаны деп, кірпік қақпай күзеткем


Әр табысыма қуанып, аяулы менің Отаным

Гүррагчаамен[2] бірге жұлдыздарды шарлағам,

Ақ шағылдарың да Күнмен бірге айналған


Ескісінің барлығын мансұқ еткен Отаным

Арманыма қанат беріп, мәңгілікке жалғайды

Тағдырымның әуені қосылып бірге самғайды!




Х

Тағдырымның әуені қосылып бірге самғайды!

Сәт-сәтті айқындап уақыт қолын бұлғайды

Ертеңгі күн бақыты бүгінгіден өзгерек

Атқан таң, алқапты қонысымды күтем, Мен


Өткен күнім, қазіргім, келешегім де шуақтан

Түгел мүшем бақытым түгелі нұр-қуаттан

Салған әніме таулардың сұлбасы да алыстап

Керегесін көк аспан кеңейте жайып барады


Келер уақыттың сазды симфон үнінен

Күліктерім дүбірі, халық әнім естіледі

Ақшаңқан үйлерім, моңғол аруы көрінеді


Асау құланы қашаған Киік құрықпен баулып

Ауыздықтап мінген қайратым бар, солмайды

Себезгі жаңбыр жүрегімді, сезімімді баурайды 



ХІ

Себезгі жаңбыр жүрегімді, сезімімді баурайды 

Сары даланың төсіндегі ақбұлақтай жайнайды

Құрғақ ағаштың жалынындай лаулаған

Санаулы ғұмырым өлшемі жылдар емес-ау, тәйірі!


Махабаттың жалғасы екенмін, Мен,

Тұтас денем сонымен жаралғандықтан

Оттай ыстық сезімім оқтын-оқтын лаулап

Жауын шайған даламды құшаққа алғым келеді


Сәби мінез, балаларымның күлкісі

Сарайымды кеңітіп, елжіретеді бір түрлі

Еркелетіп, аялап сүйгім де келеді өзгені


Сүйіспеншілікке адамзат кенде болуға болмайды!

Таңғы Күн нұр шашып, тағы бір тәулікті жалғайды

Ертегінің көк таулары шалғайдан қолын бұлғайды


ХІІ

Ертегінің көк таулары шалғайдан қолын бұлғайды

Күмбез аспанның көкжиегінен көтеріліп

Ақ күміс шыңдары күндізгі жұлдыздай жанады

Өзгені емес, мені күтіп ақырын-ақырын жылжиды


Тыңнан бәрін бастап, тауға қарай беттесем де

Ұйыққа түнеген  күміс Ай

Ерте күндей тұнық жүзімен күлімдеп

Келер күннің жаңа ертегісін сыбырлайды


Өмір демек, ақиқаттың шағылысы!

Алыс шақ пен келер уақыт жарысы

Тірі жүргенім осылардың куәсі


Әр таң сайын салқын тұныққа қарай

Өзегімнің белгісіз бір тұсынан атқақтап

Ақиқатты іздеуім тірлікке қуаныш сыйлайды


ХІІІ

Ақиқатты іздеуім тірлікке қуаныш сыйлайды

Шындығында бұл дәл не деген сөз еді?

Есептің жауабын іздеген жас баладай

Ойға батып отырғанда кеудеге ыстық төнеді


Қаяу шалған көңілім қайта гүлдеп

Көмес тартқан естеліктер оралады

Өтіп кеткен уақыттың астарынан

Мен ақиқатты іздеймін...


Ақ бантикті қоңыр қыздар елестеп

Күлім қаққан елік көздер елестеп

Уақыттан өткен күндер елестеп


Ақиқат дегенім өз бойымда екен-ау

Сөз, ниет, махаббатым тұрғанда

Өзгелер үшін Мен шырақ болып жағылам


ХІҮ

Өзгелер үшін Мен шырақ болып жағылам

Қажетіне жарасам, моншақтайын тағылам

Еріп, ағып таусылғаныма қарамай,

Азды-көпті сәулемді шашып, жоғалам!


Әлде кімге көмегім тиіп

Ошақ отындай жылу берсем болғаны

Адасып жүрген әлде біреуіне жол сілтеп

Шырақтайын жанған болсам болғаны!


Өмір ұдайы бақыт уәде етсе де

Қателік пен қайғыны да береді

Әр сәтіне Мен сондықтан ғашықпын


Сәуегейдей сәулелі Күн күледі

Сәуегей құс соған қарай ұмтылады

Жүрегімнің шуағына өмірім ұзарады


ХҮ

Дүниеге келген себебім – белгілі...

Ақ батаға көміліп, дүниеден өтейін дегенмін

Тірлігімнің мәні, тыныс сүлдерім де – белгілі

Алтын кеседен өзгелерге мәңгілік суын ішкізейін дегенмін


Уақыт ағысын сездірмей күміс күмбезін көтереді

Қоңырқай балалық шағым қолын бұлғап шақырады

Уақыт ол құпиясы шешілмес тылсым құдірет сияқты

Қар көбесі сөгіліп, гүл де мезгілмен көктейді


Сырнай, қобыз сазынан жылдар үні қалықтап

Тағдырымның әуені қосылып бірге самғайды

Себезгі жаңбыр жүрегімді, сезімімді баурайды 


Ертегінің көк таулары шалғайдан қол бұлғайды

Ақиқатқа ізденіс тірлікке қуаныш сыйлайды

Өзгеге деген жүрегім шырақтайын лаулайды 


1986. 03. 02 – 04.12


[1]Лувсанцэрэнгийн Аюуш – Лувсанцэрэннің /ұлы/ Аюуш – Моңғолияның Халық батыры. Жапон милитаристерімен соғыста пулемёттың ұңғысын кеудесімен жауып ерлікпен қаза тапқан, ел қорғаны.

[2] -Гүррагчаа – Жүгдэрдэмидийн Гүррагчаа – Моңғолияның тұңғыш ғарышкері.

author

Жүкел Хамайұлы

АҚЫН

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...