«Ұлттық домбыра күні» Алматы қаласында биыл екінші мәрте тойланды. Сол дүбірлі мереке үс...
Алғашқы Жолдаудың айбынды мақсаттары талқыланды
Алматы қаласындағы Достық үйінде «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын этномәдени бірлестіктер арасында талқылау жиыны болып өтті. Іс-шарада этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері бас қосты.
Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Балғымбаев Назар Албанұлы іс-шараның модераторы болды. Алғашқы сөзді ол «Барбанг» Қазақстан күрдтерінің қауымдастығының төрағасы Мирзоев Князь Ибрагимоұлына берді. Ол Жолдаудың маңызды деген аспектілеріне тоқталып, білім беру саласына қатысты мәселелерге айырықша көңіл бөлді. Сондай-ақ, барлық жиынға қатысушылар Алматы корей ұлттық орталығы төрағасының орынбасары Кан Георгий Васильевичтің сөзіне ерекше қызығушылық танытты. Георгий Васильевич: «Бұл Жолдау біз үшін, яғни қазақстандықтар үшін өте маңызды. Дәл қазір біз маңызды тарихи сәтте тұрмыз. Біз әр түрлі болғанымызбен, бірақ біздің бірлігіміз әралуандығымызда» деп Жолдаудың өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар, Жолдау бойынша «Президенттің Жолдауы мемлекеттің дамудың қазақстандық моделі екенін айтып, бұл ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған» деп Алматы қаласы ҚХА ғылыми-сарапшылық тобының төраға орынбасары Светлана Викторовна Ананьева да өз қолдауын білдірді. Сөз кезегін Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ҚХА кафедрасының меңгерушісі Болысбек Заманбекұлы Батталханов алып, ол «Жолдауда саяси, құқық қорғау, әлеуметтік бастамалар биліктің халықпен ашық, жауапты диалогы үшін негіз болады, Жолдау әрқайсымызға бағытталғанын» деп атап көрсетті. Одан әрі пікір алмасуға ауысты . Онда әрбір қатысушы Президенттің жолдауын қолдап, оның басты көздеген мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын жеткізді.
Осы орайда Жолдаудың басты тезистеріне тоқтала кеткенді жөн санадық. Еліміздің тәуелсіздігінің отыз жылдығы қарсаңында орын алған елеулі оқиғалар биылғы жарияланған Жастар жылына да өзінің жағымды әсерін тигізіп жатыр. Ал Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына тұғыш рет жолдаған Жолдауы соның кепілі іспетті.
Ел басшысы өзінің Жолдауында әлеуметтік қолдау жағына аса мән беріп, атқарылар шаралардың басын ашып берді. Демек, 2020 жылдан бастап мұғалімдердің айлық табысы 25 процентке артып, оқушылардың қабілет-қадарын зерттеп, оларға жүйелі түрде кәсіби бағыт-бағдар беру керектігіне тоқталды. Сонымен қатар бұқаралық спорттың қазіргі жағдайына мән беріп, оны дамытудың кешенді бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.
Қазақстан полиэтникалық мемлекет саналғанымен, ондағы мемлекет құрушы, немесе титулдық ұлт – тек қана қазақ халқы болып саналады. Осы туралы Конституцияда анық жазылған, сондай-ақ биліктің қайнар көзін халық дейтін болсақ, қазақ халқы еліміздің басым көпшілігін құрайды. Егер солай болса, қазақты осындағы көпұлттардың бірі деу жаңсақтық. Сондықтан, қазақтың рөлін көтеріп, оны бекемдеу керектігін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ашық айтты. Және этносаралық тату-тәттілік пен тұрақтылықты одан ары нығайта беріп, Қазақстан атты ортақ шаңырағымыздың береке-бірлігін өсіре түсуіміз тиіс.
Жарқын ойдың бірі: мемлекетіміздің экономикалық дамуы күллі қазақстан халқына тиесілі болып, бөліп-жармай игілігін ортақ көру дегені аса қуантарлық жайт. Осы орайда тұрмысы төмен, көп балалы отбасылардан шыққан дарынды жеткіншектердің қабілетін жанып, оларды жетілдіру үшін арнайы жол картасын жасап жүзеге асыру да үлкен жанашырлықтың айғағы болып саналады.
Сонымен қатар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің өркендеу сатысындағы жасалуға тиісті барлық жұмыстарға түбегейлі бағыт-бағдар беретін алғышарт болары күмәнсіз
Осыған байланысты барша Қазақстан халқы мемлекетіміздің кемел келешегі үшін атқарылып жатқан күллі шараларға бір адамдай үлес қосып, қарыштай беруін қолдауымыз керек.
Осы тұңғыш Жолдауы қоғамның көкейіндегі барша мәселелерге жауабын берді деп толық айтуға болады.
Президент ел іргесін нығайтып, өзіміздің отандық бизнесті өркендету, ел-жұртымызды әлеуметтік тұрғыда қорғау, сондай-ақ экономикамыздың даму қарқыны қандай белесте екенін тілге тиек етті.
Жолдаудың басты өзегі - болашақ азаматтық қоғамның кейпі туралы ой болды. Осы орайда қазақстандықтардан түскен көңіл аударарлық барлық өтініш-тілектер жедел және тиімді қарастырылатын жағдай жасалуы тиіс. Ол үшін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасы қабылданып, сол арқылы тиянақты жұмыс жасау міндетін алға қойды.
Қ.Тоқаев мемлекеттің маңызды деген шаруаларын азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесе отырып талқылап, ортақ мәмлелі шешім шығаруға шақырды. Осы орайда игі шараны атқаруға қауқарлы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылғанын еске салды. Аталмыш кеңес мүшелері ротациялық тәртіппен жұмыс жасайды. Яғни, бұл да демократиялық көріністің бір нышаны.
Соңғы уақытта етек алған бір үрдіс митннг мәселесі еді. Оның шешу жолдарына Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы тоқталды. Егер бейбіт акциялар азаматтардың берекесін кетірмей, заңсыздықтарға жол бермейтін болса, оған түсіністкпен қарап, рұхсат берген жөн және оның өтетін орны қала сырты болмауы тиіс екенін де ескертті.
Қоғамның жанына ауыр тиіп жүрген тағы бір кемшін мәселе қазақ тілінің жағдайы еді. Оның мемлекеттік тіл екені Ата Заңда тайға таңба басқандай етіп көрсетілгенімен сол заңды құқын пайдалана алмай келе жатқандығы қабырғаға батады. Осы орайда Президент Қ. Тоқаев келешекте қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналуы мүмкін деген жорамал айтты. Әрине бұндай кезеңге көтерілу үшін бос сөзді қуаламай, нақтылы әрекеттерге көшкеніміз абзал екенін жеткізді.
Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, сондай-ақ өзге де ауыр қылмыстарға, соның ішінде балаларға қатысы бар қылмыс түрлеріне қолданатын жазалар жедел түрде қатайуы керек деп нақтылады, Мемлекет басшысы.
Ел азаматтары мен бинес орта Президенттің монополистерге қарсы төтеп беретін күш құрып, олармен күресуге тастаған үндеуін бір ауыздан қолдайды деп сенеміз.
Еліміздегі барша тауарлар мен қызмет түрлерінің бағасының тым жоғары екені жасырын еместігі жөніндегі айтқан сын сөзі көп нәрсенің бет-пердесін аша түскендей.
Осыған мысал ретінде сұранысқа ие бағыт бойынша әуе қатынасындағы билеттердің құнын тілге тиек етті. Олардың құны Еуропа елдерімен салыстырғанда отыз процент жоғары екен. Яғни әуежайда атқарылатын қызметтердің бағасы неге қымбат деген сауалға қалай жауап береміз? Монополистердің шектен шығуы осыдан-ақ көрініс тауып жатыр.
Сонымен қатар Президенттің микро және шағын бизнес саласына қатысты айтылған жаңалығы айтарлықтай резонанс тудырды деп санауға болады. Олардың жаңа құрылған компаниялары негізгі қызмет түріне салынатын салықтан үш жыл мерзімге босатылады. Және 2020 жылғы қаңтар айынан бастап, аталған микро және шағын бизнес субъектілеріне тексеру жүргізу амалдары үш жыл көлеміне дейін шектеледі.
Ел арасында ыстық-суығы басылмай жүрген бір сұрақтың да жауабы анық айтылды. Мемлекет басшысы жердің ешуақытта да сатылмайтыны жөнінде мәлімдеді. Бұл туралы қауесетті өрбітбеу керектігін талап етті.
Кәсіпкерлер тарапынан түскен өтінішке орай, бес проценттік қосымша зейнетақы төлеміне қатысты да пікір білдірілді. Ол уақыты жетіп нақтылы пісіп-жетілгенше 2023 жылға дейін кешеуілдетілді.
Айта кетерлік тағы қызықты жаңалық: Мемлекет басшысы жыл соңына дейін еңбек ететін азаматтардың зейнетақысына қатысты нұсқау берді. Олар өздерінің жинақ қорының бір бөлігін мақсатты түрде пайдалана алуы тиіс деді. Яғни, баспана сатып алуға немесе білім алуға жаратады. Осы тапсырма жыл соңына дейін толықтай пысықталып, бір шешімге тоқталуы тиістігін ескертті.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекетті басқару жөніндегі өзінің формуласын айқындады. Оның ойынша біздің елде «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» болуы тиіс.
Осыдан былай халық жергілікті билік қызметінің тиімді яки тиімсіз екенін өздері бағалай алады. Ол үшін сауалнама немесе онлайн-дауыс беру арқылы шығарылған қорытындының отыз проценті қала яки ауыл әкімінің жұмысына төмен деген баға берсе, Президент Әкімшілігі тарапынан құрылған арнайы комиссия орын алған проблеманы зерттеуге шығып, тиісті шешім шығарылады.
Президент қаптап кеткен реформалар туралы да айта кетті. Ендігі жерде реформаны реформа үшін жүргізуді доғару керек. Осыған байланысты әр министр мен әкімнің қолында нәтижелі түрде атқарып жатқан жұмыстарының негізгі көрсеткішітерінің тізімі болуы керек. Осы арқылы олардың қандайлық нәтижеге қол жеткізе алатыны белгілі болады деді.
Қорыта келгенде жиынға қатысушылар Мемлекет басшының көпшілікті толғандырған қыруар мәселемен етене таныс екенін аңғарды. Сонымен қатар қоғамның тамырын дәл басып ұстаған Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың - осы алғашқы Жолдауы еліміздің ахуалын оңалтуға арналған іс-қимылдардың бірегей жоспары болатынына сенім танытты.
Заман Төлеуов