Дәстүрлі өнер дүлділі әнші Мейірхан Адамбеков өмірден озды

МУЗЫКА
4356

Тәттімбет атындағы өнер колледжінің директоры, Қарағанды қаласында Арқа ән мектебінің тізгінін ұстап, қаншама шәкірт тәрбиелеген, қазақ ән өнерінде өз өрнегін қалыптастырған арда әнші Мейірхан Адамбеков өмірден озды. Қайғылы хабарды Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкен Facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды  «Мәдениет порталы».  

Мейірхан АдамбековМейірхан Адамбеков«Тәттімбет атындағы өнер колледжінің директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, талантты әнші Мейірхан Сәйдіұлы Адамбековтың 62 жасына қараған шағында дүниеден озғаны туралы xабарды естіп қабырғамыз қайысып отыр. Туған-туыстары мен жора-жолдастарына, Арқаның өнер сүйер жұртына қайғырып, көңілімізді білдіреміз. Иманды болыңыз, аға...», - деп жазды Абзал Нүкен. 

Мейірхан Сәйдіұлы 1958 жылы 1 шілдеде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Алматы эстрада-цирк студиясын, Қазақстан-Ресей университетін бітірген. Қ. Байжанов атындағы концерт бірлестігінің әншісі, Тәттімбет атындағы өнер колледжінде халық әндері бөлімінің меңгерушісі болған. Халық композиторлары Біржан мен Ақан серінің, жаяу Мұса мен Мәдидің, Шашубайдың., Естай мен Ғазиздің әндерін ұлттық нақышпен орындайтын әнші Әміре Қашаубаев атындағы республикалық конкурстың лауреаты атанған еді. Қазақстан өнер шеберлерімен бірге Франция, Швеция, Австрия, Болгария, Голландия, Венгрия, Ресей сынды елдерде өнер көрсеткен болатын.

 «Мәдениет порталы» әншінің жақындарына, туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтады.




author

​Мейірхан Адамбеков

ӘНШІ

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...