Кейде оңаша қалғанда, ойың он саққа, санаң сан саққа бөлініп, біздің басқарушы биліктің білім, денса...
Марғұлан Сейсембай: Цифрландыру жұмысы ұрлық болып шықты (видео)
Үкіметіміз ақпараттандыру мен цифрландырудың дамуына жұмсаған қаражатқа әлемнің ең жоғары технологиялы компанияларының тізімінің жартысын құруға болар еді.
Америкалықтарда "Тек су қайтқанда ғана кім дамбалсыз жүзгені көрініп қалады" деген жақсы мақал бар. Өкінішке орай, Білім министрлігі өзінің Күнделігімен, Денсаулық сақтау министрлігі өзінің үлестес DamuMedімен, e-gov электронды үкіметі, цифрландыру деп аталатын көпжылдық бос әңгіме жай ғана ұрлық болып отыр.
Алайда, Белорусь елі секілді осындай тапсырыстарды жеке IT компанияларға берсе, Қазақстанның IT секторын толығымен зор қарқынмен аяққа тұрғызуға болар еді. Олар осы жұмысты жүз, тіпті, мың есе арзанырақ жасайтындарына сенімдімін.
Көкке ұшқан қаражат, орны толмас жылдар, адасқан ұрпақ. Іс жүзінде жемқорлық бізді коронавирустан да мықтырақ, әрі тезірек біздің түбімізге жетеді.
⠀
Және тағы мына жайт бар, егер өз кезінде Экспо орталығының орнына ауруханалар салған болсақ, қазір бұл істі асығыс қолға алмас едік. Ақыры сол кезде қаражатты орынсыз жұмсаған екенбіз, енді соның орнын толтырып, Экспо орталығын аурухана етіп қайта жабдықтауды ұсынамын. Және ешкімге қажеті жоқ Қаржы орталығын қуып шығу керек. Өзінің ГПФИИР, 30 корпоративтік лидер жобаларымен шалдың миын қатырған бастамашылдар мен идеологтарды сотқа тарту керек.
Марғұлан Сейсембайдың желідегі жазбасы