Ержан Жұмабеков. Гонконг киносы және уся жанры

КИНО
2202

Аталмыш мақалада Гонконг кино өндірісі дамуының негізгі даму кезеңдері мен көркемдік феномендері жайлы баяндалады.

Гонконг киносы әлемдік киномамандар үшін үш кезең бойынша белгілі. Бірінші толқын 70-жылдар тұсында келді. Бұл кезеңдегі фильмдер кунфу тақырыбы жайлы фильмдер болатын. Брюс Лидің танымалдығы осы кезеңге сәйкес келді. Олар ұлттық экзотиканың ерекшеліктерін аямай пайдаланып, басты ұтымдылығы шайқастық стильдерін детальды түрде көрсету болып табылды.

Екінші кезең 80-ші жылдардағы гангстерлік және полициялық тақырыптағы фильмдердің толқыны. Джон Ву, Ринго Лам, Кирк Вонг сынды режиссерлар «ұлттық ерекшеліктерден» алшақтай отырып француздық полициялық сюжеттерге, америкалық ганстерлік және жапониялық  якудза фильмдердің негізіне бағыттады. Фильм бойындағы лық толған көшелер, автострадалар, айналы қабырғалы көп қабатты үйлер - Гонконг мекенін футуристикалық мегаполис ретінде көрсетті. Қалалық джунгли ортасындағы кейіпкерлердің қуғындары мен атыс-шабыстары америкалық және европалық режиссерлаға үлгі болды. Бірақ Гонконгтың өзінде осындай фильмдер көрермендердің сұранысына ие болмады.  Бұл бағыттың ең белгілі фильмдерінің бірі, Батыста коммерциялық жетістікке жеткен Ринго Ламаның «Full Contact» (1992) фильмі Гонконг прокатында өзін ақтамады. «Жас кинематографистер тек түсірілімнің ракустары мен монтаж жайлы ғана ойлайды. Олар жекпе-жек шайқастар сахналарын қоюды ұмытып қалды» - деп жауынгерлік өнер киносының ардагері Лау Цинлюн қапаланды.


"Crouching Tiger, Hidden Dragon" 2000


Дегенімен,  Анг Лидің «Crouching Tiger, Hidden Dragon» және Жаң Имоудің «Hero» фильмінің кино кеңістігін дүр сілкіндірген жеңісінен соң, үшінші толқынды саралауға мүмкіндік туды.  Европа мен Америка гонконг киносы дәстүріндегі көне жанр уся (wuxia) жайлы білді.

Уся жанры киноға Қытай классикалық театр қойылымдарынан, шайқастық өнер жайлы романдарынан келді. Сөздің мағынасы «Бекзада жауынгер», «Ардың адамы» дегенді білдіреді. Уся романдарындағы оқиға Көне Қытай сипатына берілетін «Чжанху» (zhang hu) фэнтезиялық кеңістігінде өрбіп,  кейіпкерлері қоғамдық топтың ең жабық және мифологияланған «шақастық өнер әлемінің»  өкілдері болып табылады. Бұл романдар ХХ-ғасырда да шығарылып отырып, өзінің деңгейінде «жамылғы мен семсер» оқиғасының азиялық нұсқасы болды. Осылардың қатарында «Crouching Tiger»  романы экрандалған Ван Дулу да бар. Билікке коммунистердің келуімен «буржуазиялық және еңбек етушілерге зиян» -  деп бұл жанрға тиым салды. Ван Дулу өзгеде осы жанрда жазатын жазушылар сынды бір де бір шығармасын жарияламады.  Бұл дәстүрді гонконг жазушылары мен кинематографистері жалғастырды (Вонг Карвайдың «In the Mood for Love» фильміндегі кейіпкері уся жанрындағы роман жазумен айналысады).

Солай бола тұра, гонконгтық режиссерлар Кинг Худың классикалық 60-жылдарынан бері фильмдеріндегі трюктерді шынайы көрсетуге тырысты. Ұшу әрекеті бірнеше камерамен әр ракурстан, көптеген дубльдармен түсірілді.

Усяпянь (батырлық шайқастар жайлы повесть) - бұл жанрлық термин бүгінгі күнге дейін фэнтези, тарихи-шайқастық және кунфу түсініктерін фильм құрылымында біріктіреді. Жанрдың бас маманы хореограф Чин Сютун болды.  Ол он жасынан бастап каскадер қызметін атқарып, жиырма жасына жетпей экшен-хореографияның шебері атанады. 1982 жылы «Death Duel» дебюттік жұмысымен режиссура жолын бастайды. Фильмде қалыптасқан сюжет бойынша қытай және жапон жауынгерлердің жекпе-жек шайқасын бейнелеп, дәстүрлі антижапониялық пафостан алшақ болды. Кейіпкерлері бір-біріне жағымды болып, жаны ашып тұрсада ата-бабаларының айтумен, соқыр нанымдарды аттап кете алмай жекпе-жекке шығып құрбан болады.   Бұл «Death Duel» фильмі уся жанрын орта деңгейге көтеріп, туыс елдердің ортақ трагедиясын әпсанаға айналдырады.

Гонконг киносында 90 – жылдардағы жаңа буын режиссерлары шайқас өнерінің дәстүрін жалғастырады. Режиссерлер үшін «уся» жанры кино өнеріндегі көптеген көркемдік концепцияларын жүзеге асыруға ыңғайлы жол болды. Айта кететін жағдай, мемлекет тарапынан қандай да бір қолдау болмағанына қарамастан, бір жылдың көлемінде 200-ден астан фильм шығарылып, әлемдік кино өндірісі бойынша үшінші орынды иеленді. Гонконг киносының спецификасы неміс экспрессионизмі, кеңестік киноавангард, итальяндық неореализм, француздың жаңа толқыны, т.б сынды әлемдік кино өнерінің дамуына әсерін тигізген феномендердің бірі.

Пайдаланылған әдебиет:

Weisser, Thomas. Asian Cult Cinema. New York: Boulevard Books, 1997.  Updated and expanded version of both volumes of Asian Trash Cinema: The Book; reviews and filmographies.

Chu, Yingchi. Hong Kong Cinema: Coloniser, Motherland and Self. London: RoutledgeCurzon, 2003

Ержан Жұмабеков, кинотанушы

Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жуырда ғана қайырымдылыққа аударған қазақстандықтардың қаржысын жымқы...

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...