«Сіріңке қара»...

ЕСТЕЛІКТЕР
3490

(Халық жазушысы Тұманбай Молдағалиевтың көрнекті ақын Сабырхан Асанов туралы естелігінен)

Суретте: Сабырхан Асанов зайыбы Шолпан апаймен.

 
Әкесін әңгімелеуге құштар еді. Оның әке туралы әңгімесін әке тәрбиесін көрмеген мен байғұс қатты құмартып тыңдаушы едім.

«Келіннің келбеті дұрыс па, аққұба ма, қара торы ма?» – деп сұрады әкем, келінін әлі көрмеген бір кезінде» – дейді Сабырхан. – Мен «аққұба шығар» деймін кекірейіп. Бір күні үйге әкеліп келіндерін көрсеттім. Әкем бір қаға берісте: «Сорлы балам, көзің қарайған екен. Мұндайды аққұба демейді, сіріңке қара дейді» – деді әкем. – Мен ұлдың тұңғышы болған соң қалжыңдаса беремін. «Біздің бәйбіше сіз айтқан сіріңке қара емес, қара торының әдемісі екеніне шүбәм жоқ, қария. Және бір малыңды шығын етпей қатын алдым. Несіне қиналып отырсыз» – деп қалдым. «Ұрпағымның бойы аласа бола ма деп қиналам» – деді әкем маған күлімдей қарап. «Сізге тартамыз деп ел бетіне мына мұрынмен қалай қарарымызды білмей жүр емеспіз бе» – дедім мен одан әрі қуақыланып. «Сенің мұрныңдай қыр мұрынды жұрт Бұхар базарынан да сатып алуға таба алмай жүр, балам. Қуанғаныңнан айттың-ау» – деді әкем. Мен әрі қарай таласпай тоқтадым» – дейтін еді Сабырхан әкесімен арасындағы болған бір қалжың әңгімесін еске түсіріп. Ол дүниеден өткен әкесіне деген сағынышын айтып келе жатқанын түсініп, мен оның әкесі жайлы әңгімелерін елтіп тыңдаушы едім, шіркін!

Сұлу әйел, жалпы сұлулық жайлы әңгімелеріміз де көп еді. Сырласушы едік, сырымызды үшінші адамның естімейтініне сенуші едік.

Құлтөлеу Мұқаштың фейсбук парақшасынан алынды.

author

Сабырхан Асанов

Жаңалықтар

Есірткі таратқан астаналық 18 жылға сотталды, деп хабарлайды madeniportal.kz. ОЛ АҚШ-тан сәлемдеме...

Жаңалықтар

Ресейлік ұшақ Анталия әуежайына қонғаннан кейін өртенді, деп хабарлайды madeniportal.kz. Azimut әуе...