Мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күніне арналған «Рухани қазына» фестивалінің қор...
Алаң
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Резиденциясының алдындағы алаң – Мемлекет басшысы Н.Назарбаев бірнеше жыл бойы Астанаға ресми сапармен келген республиканың жоғары дәрежелі қонақтарын қарсы алған алаң.
Мемлекеттер президенттері, шет мемлекеттердің корольдері мен сұлтандары, шейхтері мен билеушілері, бірқатар елдердің Премьер-министрлері мен делегация жетекшілері алаңда Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстанның бүкіл халқына, оның жеріне қошемет білдірген. Қазақстан Республикасының әнұраны әуенімен қонақтарды алаңда Республикалық Ұланның Құрметті қарауылы қарсы алған.
Келушілердің назарына ұсынылған алаңға көрік беріп тұрған композиция - ол қазақтардың ұғымындағы әлемдік үлгіні қайталайтын қазақ киіз үйінің шаңырағын бейнелейді. Бұл дүниетанымдық жүйенің өзегі - күмбез астында жерді, адамдарды, бүкіл адамзатты айналысқа түсіретін ұршық дүние қозғалысының бастамасы болып табылады. Бұл ұршық Аспан мен Жердің, өткен мен бүгіннің және болашақтың байланысын білдіреді. Композицияда дүниенің төрт бұрышын байланыстыратын «төртқұлақ» элементінің пайдаланылуы мемлекетіміздің әлемнің әр алуан елдерімен достық қарым-қатынасын аша түседі. Бұған Қазақстан жерінде жоғары мәртебелі қонақтардың– Молдова, Армения, Польша, Румыния, Түркия мемлекеттерінің Басшылары, Малайзияның жоғарғы билеушісі, БҰҰ-ның Бас хатшысы К. Аннан т.б. болғанын бейнелейтін фотосуреттер айғақ бола алады.
…Кейінге қарайлай отырып, өткенмен қоштаспаңыз,
ол енді ешқашан қайтып келмейтін болса да.
Келешекпен кездескен кезде бүгіннің көпірі арқылы
лайықты байланыс жасай білуге тырысыңыз
Композицияда ұсынылған бейнелер – ұлы бабаларымыздың – түркі қағандарының, қыпшақ және қазақ хандарының байрақтары – тайпалардың, рудың немесе мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларының ерекше айырым белгілері. Бұл символдар «аң стилінде» орындалған, кеңдікьі, еркіндікті және билікті білдіреді. Аң бейнесінде байрақ немесе асатаяқ иесінің бойындағы алғырлық, күш-қуат, мақсаттылық, даналық секілді қасиеттер берілген, ал дайындау барысында қолданылған бағалы тастар мен металдар көсемнің таңлаулы адам екендігін білдірген.Осы бірегей бұйымдарда берілген ата-бабаларымыздың даналығы мәңгілік және көп қырлы, ол өткен мен қазіргінің және бүгіннің арасындағы байланыстырушы дәнекер рөлін атқарады.