– Қадірлі Әкім аға, пандемияның жағдайымен Сізге амандасып келмегелі көп болды, бүгі...
Ақын Ермек Дайырбаевтың 7 өлеңі
5005
Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кезінде "Мәдениет порталы" кішкене болсын жүректерге жылу сыйлағысы келеді. Осы мақсатпен портал ұжымы қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік орыны бар ақындарға сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 өлеңін сұрап, жариялап келеді. Бұған дейін елге белгілі Бақытгүл Бабаш, Құралай Омар, Айнұр Төлеу, Ұларбек Дәлейұлы, Мақпал Жұмабай, Тоқтарәлі Таңжарық, Ұларбек Нұрғалымұлы, Ықылас Ожайұлы, Мирас Асан, Төлеген Меллат, Ерлан Жүніс, Ерғали Бақаш, Асылбек Жаңбырбай, Серікбай Әбілмәжінұлы, Ырысбек Дәбей, Ахат Расул, Олжас Сәндібек, Ұмтыл Зарыққан секілді ақындар өлеңдерін ұсынған болатын. Ақындарға алғысымыз шексіз!Қадірменді оқырман, бүгінгі ақын - Ермек Дайырбаев! Мархабат!
Ермек Дайырбаев Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы,Сарыарқа ауылында дүниеге келген. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. Бірнеше республикалық жыр мүшәраларының жеңімпазы. Беу, құдіреті күшті бір құдай... Үміттің жібін үзбеген арманым асқақ, Тірліктің бірақ тікенді тар жолы тастақ. Адал ойыңды танытсаң алғал ағайын, Тауыңды шағар талқан ғып жаныңды жасқап. Ғапыл дүние Ібіліс іркітін шашпақ, Масаң күй кешем жалғанның мамығын жастап. Ақ жолын нұрлы Алланың, көрсетші маған Барайын ертіп адасқақ талай жандарды, Жұпарын шашқан жұмақтың бағына бастап. Жын заман заңы солай-ау, кім қалай қашпақ? Сайтани ғақыл емгенім сананы ластап. Алты қат аспан көгіне кеткім келеді, Жер бетіндегі пенденің тамұғын тастап - Жалықтым. ш...... 2003 жыл *** Періште кейпім, сәтімде есіме кірген. Жалғаннан жеріп жаратқан, назданам бірден. Есірік пенде ақылы алжысқан мүлде, Алла тұрса да, Албасты етегін түрген. Ей, ессіз дүние. Есігіңді ашып несіне кіргем? Ай, Аппақ дүние, Айрылып қалған арынан мүлдем, Пәк кейпін жапқан фәниді көрмейсің кірден. Былыққа батып, Жын өмір жынданып жатыр, Қорқамын кейде, Қорқауға қор болып тәнім Көмілмей қалар деп мүрдем, Бұлай боларын кім болжап білген? Ай, аппақ дүние айрылып қалған арынан мүлдем. Жалаңаш тағдыр, Жалаңаштар жүр... Жалғанды жалпағынан басып, Жамылғы ішінде Перілер, паң бір... Қолында таң нұр! Ей, Көктегі пайғамбар Бізде енді міне осындай ән-жыр. Бақида ма, (Ол жағын білмеймін, белгісіз.?..) Ал, мұндағы хәл, Өзің көріп тұрғандай, Жалаңаш тағдыр. 2002 жыл *** Күйіндім, Көзімнен шым-шымдап жас ақты, Төзімім талған-ау, көңлімді босатты. Шаршадым, Шимайлап санамды сарша мұң. Безіндім, Тұрлаусыз бес күндік тірлікті сезіндім. Іздедім, Аңсаған ақ құсым Сіз дедім. Түсінші, Қапылат қалымды ұғынып, Қолыңды ұсыншы. Үкі көз үмітім жарыққа ұмсынар, Пендеуи тірліктен періштем тұншығар. Албасты арбаған арман-ай, Ит өлген ішімде ібіліс қыңсылар. Жаныңды жаншыған жалғанға кім шыдар. Беу, ғұмыр бір күні тыншығар. 2003 жыл *** Бақыттың іздеумен базарын. Ару да тоздырар ажарын. Адамзат құлқынға құл болып, Күн кешер күтумен ажалын Кім жайлы не дейін сөз қылып, Жердегі біткендей бөз құрып. Құдайға ұмтылған қу пенде Тәңірдің тәжіне көз тігіп. Жалғанның буына піскен жұрт. Менсінбес ешкімді, майлана түскен мұрт. Семіртіп қайтейін, сыртымды Кеміріп жатқанда іштен құрт. *** Алалдықтың ауанына сыймаған, Ашкөз нәпсі аранын бір тыймаған. Қожыраған түр келбеті қоғам тұр, Ар намысын құлқынына жинаған. Қара жерден қанша ауыр сұмдықты, Көре тұрып көзсіздікке қиналам. Келіспеген тұсым сонша болса да, Өрістеген өтірікке иланам. Мен осылай күй кешемін күн кешем Тағдырымда талайыма сыйлаған. Тәннің қамын күйттеу ғана қу тірлік Жанның әні жетім бізің көкрегімізде күл бадам. Көңілімнің бүгін емес солғаны Алла өзі әділеттің қорғаны Көксегенім келмесе де көндіккем Екшегенге ерін тисе болғаны. Бай жұртпыз деп бақуатты өскелең..... Кейде –кейде мен де осылай төс керем. Шарттылықтың қалыбы ғой, қош көрем. Өлмеген соң өлмелі күй кешем де Ит тірлік ай күшігің боп көшке ерем. Сізге Пәни тірлігі алыстау иә пейіштен, Күйрек күй кешіп жүрген сәтімде кейіспен. Қайдан да ғана жолықтың екен жол түсіп, Сүдіні сүттей, пейілі таза періштем. Жыныққа батқан жалғаннан іздеп жан ізгі, Ақиқат сұрап, Аллаға жаздым арызды. Жаралы дүние жанталасқаны жабайы, Таңдайыма у тамызды. Бір жаратушы, әлемге ортақ әмірің, Өңгесі өзге бәрінің - Өлшеулі ғұмыр пешенемізге пішілген, Тек бақыт сізге силаса екен Тәңірім. *** Сіз бейкүнә періштесіз рас маған, Бал сезімнің буына елтіп мастанам. Алып ұшып барғанменен өзіңе, Жаңылысып қалам ба деп жасқанам. Сіз күлсеңіз, салатындай аспан ән, Бар болмысың, баз тірліктен басқа мән. Жалғандағы жұмбақ жаратылыссыз, Құпиясын жан баласы ашпаған. Тәңірім-ау, неткен жансыз тым биік, Көңіліме қайғы салдың мұңды үйіп, Мазасыздау күйге оранды маңдайым, Түн қалтырап, күн күйіп. Сіз бейкүнә періштесіз рас маған, Бал сезімнің буына елтіп мастанам. Алып ұшып барғанменен өзіңе, Жаңылысып қалам ба деп жасқанам?!