Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кез...
Суретші Сембіғали Смағұлов жазған 7 картина
Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кезінде "Мәдениет порталы" кішкене болсын жүректерге жылу сыйлағысы келеді. Осы мақсатпен портал ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 картинасын сұрап, жариялап отырмақ. Еске сала кетейік, бұған дейін суретші бір топ суретші жазған 7 картинаны ұсынған болатынбыз! Бүгінгі суретші - Сембіғали Смағұлов! Мархабат!
Сембіғали Смағұлов- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақ Елі» монументінің авторы, белгілі қазақстандық суретші және мүсінші. 2013 жылы Қытай астанасы Бейжің қаласында өткен халықаралық суретшілер форумында «Күллі әлемдегі бейбітшіл суретші» құрметті атағын иеленген. Сембіғали Смағұловтың туындылары қазақ халқының ұлттық жетістігі саналып, еліміздің жетекші мұражайларында қойылған. Ал автор студент кезінде салған «Менің әкемнің аттары» (1987ж.) шығармасы Мәскеу қаласындағы Шығыс халықтары музейінде сақтаулы тұр.
1
"Символдар шеруі" 210х540, кенеп акрил, 2019
2
"Аңыздар тегі" 210х540, акрил кенеп; 2019
3
"ҚҰНАНБАЙ" 150х120 х акрил 2016
4
"АБАЙ" 40х40, кенеп_акрил 2011
5
"ТАРЛАН" 150х160, кенеп акрил, 2015
6
"ШЕКАРА" 90х150 х акрил 2012 - копия
7
"УАҚЫТ" 200х200, кенеп акрил, 2013