Суретші Жамиля Такен жазған 7 картина

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
7841

Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кезінде "Мәдениет порталы" кішкене болсын жүректерге жылу сыйлағысы келеді. Осы мақсатпен портал ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 картинасын сұрап, жариялап отырмақ. Еске сала кетейік, бұған дейін бір топ суретші жазған 7 картинаны ұсынған болатынбыз! Бүгінгі суретші - Жамиля Такен! Мархабат!

Суретші Жамиля ТакенСуретші Жамиля Такен

Жамиля Такен – Қазақ бейнелеу өнерінде өзіндік тұлғалық мәнерімен, ғажап болмысымен ерекшеленетін суретшілердің бірі. 

Жамиля Такен Алматыты қаласында туылған. 1982 жылы Абай атындағы ҚазПИ-нің көркемсурет-графика факультетін бітірді. 1982-1984 жылдары А.С. Пушкин атындағы Орал педогогикалық институтының кескіндеме кафедрасының оқытушысы, ал 1988-2001 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының колледжі директорының орынбасары болып қызмет атқарды. Ж. Такен Қазақстанның ұлттық білім беру үздігінің иегері. 

Қазақстан Республикасының суретшілер одағының мүшесі Жамиля Такен 1986 жылдардан бері қалалық, республикалық, халықаралық көрмеге қатысып келеді. Шығармашылық туындылары Қазақстан, Россей, Ұлыбритания, АҚШ, Францияның жеке коллекцияларда орын алған. 

1998 жылы «Таң-Шолпан» Халықаралық тәуелсіз әйел суретшілер қорын құрды. «Таң-Шолпан» ХТӘСҚ-дың президенті Жамиля Такен 1998 жылы қордың алғашқы көрмесін «Тенгри Ұмай» галериясында, ал 2020 жылы Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде «Таң-Шолпан» Халықаралық тәуелсіз әйел суретшілері қорынының кезекті көрмесін ұйымдастырып, өткізді. 2018 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейінде Көркемсурет білім берудің үш сатылы жүйесін тұңғыш негізін қалаушы Ұ.Ш. Ибрагимовты еске алуға арналған іс-шарада «Естеліктердің калейдоскопы» көрмесін ұйымдастырды. 2019 жылы Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының есеп беру көрмесінде Жамиля Такеннің «Қаңбақ» атты трептих туындысы кескіндеме саласы бойынша үздік саналып Әбілхан Қастеев атындағы алтын медалімен марапатталды.

Суретші Ж. Такеннің «Қаңбақ» триптих 2019, «Басқа өмір» 2020, «Әке» 2018, «Сезім толғанысы» 2019, «Өзгеріс желі» 2018, тақырыпта қылқаламы ұшынан сермелген туындылары бүгінгінің ақиқаты, ұлттық рухани құндылықты, ата-ана мен ұрпақ арасындағы шексіз махаббаты көрермендердің ой-санатына әсер беретін сюжеттік композициясы әрқырынан көрініс тапқан. Суретшінің шығармашылық туындыларында өзіндік дүниетаным, сезім еркін айқындалған. Белгілі тақырыпқа қарай сюжеттік композицияның мағынасын ашатын коллориттік үндестігінің үйлесімділігі айтар ой-мүддесін айқындай түскен. 

1

Карантин, х.акрил, 110х90, 2020 ж

2

Қобыз, х.м. 110х110, 2019 ж

3

Триптих. Қаңбак-1, х.м., 100х125, 2019 ж

Триптих. Қаңбак-2, х.м. 100х125, 2019 ж

Триптих. Қаңбак- 3, х.м., 100х125, 2019 ж.

5

Ұмай, х.м. 100х110, 1996ж.

6

Басқа өмiр, х.м. 125х100, 2019 ж

7

Мадонна

author

Жамиля Такен

СУРЕТШІ

Жаңалықтар

19 мамыр, жексенбі күні Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатып а...

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым қоймалары мен жылыжай кешендерін су басу фактілері туралы хабар...