Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кез...
Суретші Бейбіт Бертаев жазған 7 картина
4310
"Мәдениет порталы" ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 картинасын сұрап, жариялау үстінде. Еске сала кетейік, бұған дейін бір топ суретші жазған 7 картинаны ұсынған болатынбыз!Бүгінгі суретші - Бейбіт Бертаев! Мархабат!
Бертаев Бейбіт Нарынбекұлы Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, суретші, кескіндемеші, фотосуретші.1987 жылы 1 мамырда Түркістан облысы, Шардара қаласында туған. 2004 жылы Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институтының «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығына оқуға түсті. 2006 жылы оқу барысында бірнеше көрмелерге қатысып, Нұрсұлтанда өткен Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты атанды. 2008 жылы «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының кескіндеме саласы бойынша «Шақпақ баба өңірі» тақырыбында диплом қорғап, оқу орнын аяқтады. 2008 жылы Шымкент қаласындағы Академиялық Инновациялық Университетінің «Өнер» кафедрасында оқытушы қызметін атқарды. 2009 жылы Академиялық Инновациялық Университетінің «Дизайн» мамандығына магистратураға оқуға түсіп, 2011 жылы «Болашақ дизайнер мамандарын өрнек өнері арқылы көркем шығармашылыққа оқыту әдістемесі» тақырыппен диссертация қорғады. 2012 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің «Өнер» кафедрасында магистр-оқытушы және деканның ғылыми және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін қайта жалғастырды. 2015 жылы қаңтар айында Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейіне арнайы шақырылып, «Бұқаралық және экскурсиялық» бөлім меңгерушілік қызметіне тағайындалып, 2017 жылы «ғылыми бөлім» меңгерушілігіне ауыстырылды. Қазіргі таңда осы қызмет бойынша бірнеше көрмелерге қатысып, шетел мемлекеттері Финляндия, Эстония, елдерінде, музейдің жоспарға сай іс-шараларында, облыстық өнер ұяларына арнайы шақыртумен шеберлік кластар көрсетіп, өзінің кескіндеме өнеріндегі қылқалам шебері екенін байқатып, облыстық, республикалық, халықаралық көрмелер мен симпозиум, пленэрлердің тұрақты қатысушысы. Өнер жолында тынымсыз еңбектің арқасында өз қолтаңбасымен ерекшелене түсті. Сұлулықты көре білген суретші шарықтаған шабытын қенеп бетіне түсіруге асығып, шығармашылық жұмыстарын жеке шығармашылық көрмесіне дайындауда. Бүгінгі күнде Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейінің бөлім меңгерушілігінде жұмыс жасап, арнайы жинақ альбомдар, ғылыми және шығармашылық жобалар жасауда. Түркия елінің Анкара және Стамбул қалалары, Әзірбайжан Республикасының Баку қаласы, Ресей Федерациясының Санкт-Петербург, Омбы қалаларындағы музейлермен тәжірибе алмасып, біліктілігін арттырды. Осындай бір-бірімен тығыз байланысты өнерді өн бойына ұлық еткен суретші өнер әлемінен қысқа уақыттың ішінде өз орнын таба білді. Мерейлі міндеті мемлекеттік қызметпен қатар бос уақытын өнерге арнаған суретшінің алдағы уақытта елімізге деген маңызды жоспарлары көп. Түркістан облыстық Бейнелеу өнері музейінде 11 дана кескіндемелік жұмыстары сақтауға алынған. Негізгі шығармашылық жетістіктері
2006 жыл. IX – Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты.
2014 жыл. «Өңтүстік өрістері» жас суретшілердің облыстық симпозиумы.
2015 жыл . «Бұл біздің таулар» фестивалінің суретшілер конкурсында ІІ-орын.
2015 жыл. «Уақытқа бағынбайтын естелік» атты облыс суретшілерінің көрме байқауы. Ынталандыру сыйлығы.
2015 жыл. «Жас қолөнер шебері» байқауы. Ынталандыру сыйлығы.
2016 жыл. «Қазығұрт-береке, бірлік бастауы» республикалық байқау. ІІ-орын.
1"Отырар қақпасы". 100х120см. к.м.б.
2"Таңғы қыс көрінісі". кенеп, майлы бояу. 80х100 см.
3"Түлкібас тұлпарлары". кенеп, майлы бояу. 50х100 см.
4"Түлкібас тұлпары". кенеп, майлы бояу. 80х120 см.
5"Түркістан төрінде". кенеп, майлы бояу. 40х70 см.
6"Шымкент түні". кенеп, майлы бояу. 80х120 см.
7"Шымкент. Жайлаукөл." кенеп, майлы бояу. 60х100 см.