Ел арасында tastik деп танылған талантты фотографпен сұхбат.Биылғы Тәуелсіздік мерекесі фотограф Ард...
Суретші Гүлнəр Даирова жазған 7 картина
3270
Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кезінде "Мәдениет порталы" кішкене болсын жүректерге жылу сыйлағысы келеді. Осы мақсатпен портал ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 картинасын сұрап, жариялап отырмақ. Еске сала кетейік, бұған дейін суретші бір топ суретші жазған 7 картинаны ұсынған болатынбыз! Бүгінгі суретші - Гүлнəр Даирова! Мархабат!
Даирова Гүлнəр (Гүлназ) Ержанқызы Омбы облысының Нововаршавка ауданындағы Ермак кентінің Алкул ауылында дүниеге келген. 2007 жылы ОмМПУ (Омбы мемлекеттік педагогикалық университет) Өнер факультетінің "Бейнелеу өнері" бөлімшесін бітірген. 2007 жылы Қазақстанға қоныс аударған, Павлодар қаласында тұрады жəне жұмыс істейді. Халықаралық жəне республикалық көрмелерге, конкурстарға, симпозиумдар мен пленэрлерге қатысты. 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі. Гүлнар Даированың жұмыстары Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының мұражайлар қорында, сонымен қатар Германия, Қырғызстан, АҚШ, Лондон жəне т.б. жеке коллекцияларда сақталған. Суретші Гүлнар Даированың көркем кенептері батыл түстер үйлесімділігімен көзге тартымды. Пейзаждар мен композицияларында бұлжымайтын батылдылық бояулары сезіледі. Сурет өнерінің түрлі техникаларын қолданады: қылқалам, мастихин. Сонымен бірге жұмсақ материалмен де жұмыс жасайды. Əсіресе пастельдік жұмыстары қарапайым сюжетімен, көңіл-күйді, жан жағдайын күрделендірмей жеткізе білу шеберлігімен қызықты. Суреттері махаббат пен үйлесімділікке толы.
1
"Байлық". 50х70 қағ, пастель 2019
2
"Қызыл көйлек". 13х18, қағ, пастель 2020
3
Перронда. 30х40 холст, майлы бояу 2019
4
Пейзаж Баянауылда. 60х90 холст, майлы бояу 2019
5
Смартфондар. 90х100 акрил, холст 2020
6
Супермаркет. 40х50 см. холст, майлы бояу 2020 ж
7
Қар тазалау. 40х50 холст, майлы бояу 2020