Кинокартина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемл...
«Әбіл» драмасының сценариі Asian Project Market киножобалар нарығына ұсынылады
«Қазақфильм» киностудиясы «Әбіл» драмасының сценариін Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтетін Азиядағы ең ірі Asian Project Market киножобалар нарығына ұсынады. Бұл жайында киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап "Мәдениет порталы" хабарлайды.
Аталған жобаның режиссері Елзат Ескендірдің «Өліара» фильмі 2016 жылы Халықаралық Пусан кинофестивалінде үздік қысқаметрлі фильм атанған болатын.
Осы жылдың қазан айында фильмнің халықаралық продюсері Анна Вильгельми («Төрт оқиға», режиссері - Эмир Байғазин, «Завтра море», режиссері - Катерина Суворова) ескі өсиеттерден жиналған қазақстандық шопанның оқиғасын әлемдік продюсерлер мен инвесторларға ұсынады.
Asian Project Market кинонарығы Пусандағы халықаралық кинофестивальдің аясында өтеді.
Бұл маңызды іс-шараға болашағынан зор үміт күттіретін жобалар ғана қатысады.