ÁMEN-2021 Халықаралық анимациялық фильмдер фестивалі өтуде

КИНО
876

OzgeEpic заманауи өнер кеңістігі мен Қазақстанның анимациялық киностудиялар қауымдастығының ұйымдастыруымен ÁMEN-2021 Халықаралық анимациялық фильмдер фестивалі ашылды. Кинофестиваль 29-30 қазан аралығында Түркістанда өтеді. Үшінші рет өткізілгелі тұрған шараның жұмысына Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан және Башқұртстан елдерінің өкілдері қатысуда. Фестиваль ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өтуде. 

Конкурсқа ұсынылған жобаларды құрамына отандық және шетелдік анимацияның көрнекті қайраткерлері кіретін қазылар алқасы бағалайды. Жеңімпаздар бірнеше номинация бойынша марапатталады.

Шараның мақсаты – қазақ анимациясының дамуына ықпал ету және жас дарындарға қолдау көрсету. Бастама осы саладағы аға буын өкілдері тарапынан да қолдау тапқан. Бұл фестиваль еліміздің анимациялық әлеуетін арттыруға өз үлесін қосатын мәнді қозғалыстың бірі болмақ. ÁMEN-2021 Халықаралық анимациялық фильмдер фестивалі аға буынның еңбегіне құрметпен қарайтын, жаңа буынның ізде­нісіне қолдау білдіретін өнер алаңына айналды.

Сонымен қатар, фестиваль аясында жетекші шетелдік мультипликаторлардың шеберлік сыныптары мен тренингтерін өткізу жоспарланған. Оған қоса фестиваль қонақтарын Қазақстанның үздік анимациялық киностудияларының көрмесі күтеді.  Олар анимациялық жобаларды әзірлеу процесін көрсетіп, жас мамандар үшін тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастырмақшы.

Іс-шараның екінші күні түркі елдерінде кино өнерінің дамуына арналған дөңгелек үстел өтеді. Қазақстандық мультипликаторлар шетелдік әріптестерімен байланыс орнатып, түркі тілдес елдердің анимация саласын дамытуға жаңа серпін беретін өзекті тақырыптар бойынша тәжірибе мен пікір алмасады. 

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған фестиваль биыл түркі әлемінің рухани астанасы атанған Түркістанда өткізілуде. Осы екі күн ішінде түркістандықтар Қазақстан мен түркі елдерінің үздік анимациялық фильмдерін қаланың алдыңғы қатарлы кинозалдарында тамашалай алады.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...