"Мәдениет порталы" ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерін...
Суретші Жаннет Әбіш жазған 7 картина
Мәдениет порталы" ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 картинасын сұрап, жариялау үстінде. Еске сала кетейік, бұған дейін бір топ суретші жазған 7 картинаны ұсынған болатынбыз! Бүгінгі суретші - Жаннет Әбіш! Мархабат!
Жаннет Әбіш – суретші, көптеген медиа жобалардың авторы, режиссері. Қазақстан Республикасы «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, IX халықаралық «Шабыт» байқауының Гран-при иегері, Қазақстан Республикасы Көркем Академиясының мүше – корреспонденті. Жаннет 2014 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Монументалды кескіндеме» мамандығы бойынша бітірген
2001 ж. – «Болашақ балалар көзімен» Халықаралық балалар суреттері байқауында бірінші орын иесі, АҚШ
2003 ж. - Жапония және Азия елдері арасында жас суретшілерінің халықаралық байқауының бас жүлде иегері, Канагва қ., Жапония
2006 ж.- IX халықаралық «Шабыт» байқауының «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша бас жүлде иегері, Астана қ., Қазақстан
2006 ж. - Жеке көрме. БҰҰ-ның Астана қаласындағы офисі, Қазақстан
2007 ж. - Жеке көрме. Қазіргі заман өнері мұражайы, Астана қ., Қазақстан
2010 ж. - Жеке көрме. Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы., Алматы қ., Қазақстан
2010 ж.- «Артэкспо-2010», Нью-Йорк қ., АҚШ
2013 ж.- «Франция-Қазақстан» Халықаралық көрмесі, AstanaArtline
2008 ж. - "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығының "Бейнелеу өнері" номинациясы бойынша лауреаты, Астана қ., Қазақстан
2010-2013 ж. ж. - Астана қаласы Оқушылар сарайының "Әлемдік бейнелеу өнері" бөлімінің оқытушысы
2014 жылы «Таймас» республикалық ғылыми-танымдық журналының негізін қалаушы және бас редакторы
2014-2018 ж.ж. "Өнер шежіресі" (15 серия) және "Қазақстан би әлемі" (25 серия) телевизиялық бағдарламаларының авторы және бас режиссері. Бұл жобалар «Қазақстан» ұлттық телеарнасы мен «Хабар» АҚ-да сәтті көрсетілді.
2019 ж. FEFF үздік шетелдік фильмдері номинациясында " Ұлы Дала қызы" деректі фильмі - Халықаралық әйелдер көзқарасы кинофестивалі, Торонто қ ., Канада
2019 ж. – Мәдениет, бейнелеу өнері, түркітану, дизайн салаларын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Көркем Академиясының мүше-корреспонденті
Суретші таңдаған 7 картинасын «Адам» және «Мәңгілік мәселе» тақырыптары бойынша ұсынып отыр.
1
Мәңгілік мәселе
2
Гүлдену
3
Қызыл бұқа
4
Жайлы сәт
5
6
Шығыс әйелі диптих
7
Жалғыздық