Суретші Аманжол Сұлтан жазған 7 картина

7 КАРТИНА
4198

Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кезінде "Мәдениет порталы" кішкене болсын жүректерге жылу сыйлағысы келеді. Осы мақсатпен портал ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 картинасын сұрап, жариялап отырмақ. Еске сала кетейік, бұған дейін бір топ суретші жазған 7 картинаны ұсынған болатынбыз! Бүгінгі суретші - Аманжол Сұлтан! Мархабат!

Суретші Сұлтан АманжолСуретші Сұлтан Аманжол

Аманжол Сұлтан Айдосұлы 1993 жылы 1 ақпан күні Алматы олысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылында туып өскен. 2010-2015 жылдары аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Көркем сурет факультетінде бес жылдық Живопись мамандығы бойынша білім алды. 2017-2019 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер және мәдениет институтының Өнертану мамандығының магистр дәрежесін қорғап шықты. Республикалық және халықаралық симпозиум, фестивальдардың белсене қатысушысы және бірқатар байқаулардың жеңімпазы.

2013 жылғы Абай атындағы КазҰпу –де студенттер мен магистранттарға арналган жыл сайын өтетін студенттік ғылыми конференциядан жазған живописьтік жұмысы бас жулденің иесі атанды. 
2015 жылдан Жас суретшілер одағының мүшелігіне енді. 
2015 жылғы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған "Тарих жаңғырығы" атты көркемсурет көрмесінің дипломанты.
2015 жылғы Алматы метрополитенінде, 2016жылғы Алматының 1000жылдығы Көшпенділер ізімен атымен, 2017 жылы «Белый Роял» галереясында «Көктем ғажабы Атты» ұжымдық көрмелерін  өткізді. 
2016 жылғы халықаралық "Made in Astana" фестивальіне, 2017жылы "JasStar" халықаралық фестиваліне қатысып тың идеясы үшін дипломдармен марапатталған.
2018-2019 жылдары Турция, Кипр  мемлекеттерінде жеке көрмелерін өткізіп, мастер клас көрсетті.
2019 жылғы Талғар өңірінде өткен 72 сағаттық «Бәйшешек» республикалық плэнеріне қатысты
2019 жылы Кипр мемлекетінде Аласиа сыйлығының иегері атындағы. 
2019 жылы Алматы Жас суретшілер көрмесінің бас жүлдегері атанды.

1

«Адам ата Хауа ана» көлемі 140×160 кенеп, акрил майлы бояу. 

Картина адамзаттың пайда болуы, алма ағашымен әр түрлі қозғалыстағы адамдар тас өрнектеріне ұқсас бедерлермен тылсым бір әлемді елестетедіндей.


2

«Тасаттық» көлемі «160х120» кенеп акрил, майлы бояу

Өнертанушы Айнаш Маметкаримованың Аманжол Сұлтанның "Тасаттық" атты картинасына пікірі:  "Тасаттық" дәстүрі көнеден келе жатқаны мәлім. Көпшілік қауым болып жиналып, құрбандық шалып, сауабын әруақтарға бағыштап, Құран оқылып, Құдайдан жаңбыр жаууын тілеп ниет қылады. Суретші туындының өзегін сеніммен байланыстыра отырып суреттеген. Туындыдан Жаратқанға жалбарынып, қажетін тілеуші халықтың айрықша сәтін көреміз. Шығармадағы түс үйлесімділігі өзіндік ерекше бояулармен берілген. Суретші шеберлігі картинаның мазмұнын анық, әсерлі етіп кенеп бетіне түсірген. Шығармадағы барлық элементтер мәнерлі етіп суреттелген."


3

"1941 жылы Ақпан'" 160×140 кенеп акрил, майлы бояу. 

Шығарма сұрапыл соғыс жылдарымен байланысты. Баласын соғысқа жіберген қарт ана мен аке, зарыға күткен ана, әкесін көрмеген бала Мұқағали Мақатаевтың 1941 жылы "Ақпанда" өлеңін еске салғандай.


4

‘’Ностальгия. Еске алу’’ 160х140 кенеп, акрил, майлы бояу. 

Өнертанушы Айнаш Маметкаримованың суретші Аманжол Сұлтанның "Ностальгия. Еске алу" картинасына пікірі: "Суретшінің бұл туындысы көңіл естеліктерін еске салмай қоймайды. Шығармада сырлы кештен айлы түнге ауған сәттің көрінісі берілген. Лирикаға толы картина жылы әсердің лебін естіртеді. Бояу түзілімі, калорит үйлесімділігі бір-бірімен ерекше үйлесімділік тапқан. Шебердің ұтқыр ойы қилы қиялдарға жетектейді. Қос ғашықтың бейнесін жоғарғы бөлікке орналастыруының өзінде жарасымды мән бар. Астыңғы бөліктегі астасып жатқан күйбең тіршіліктен бір сәтке алыстап, өткенге деген аңсауды меңзеп тұрғандай."


5
"Wi-fi" көлемі 100×100 кенеп майлы бояу 

Суретші пікірі: "Шығарма қанық түстермен бейнеленген. Технологияның дамыған уақытында жастарымыздың шынайы қарым қатынастан көрі уақытын технологияларға көбірек арқа сүйейтінін, уақытысының көп бөлігін арнайтынын көрсеткім келді."


6

"Көпқырлы Евразия" көлемі 260х170 кенеп акрил, майлы бояу

Суретші пікірі: "Бұл жұмысымда біздің түп тамырымыздың дәстүріміздің қаншалықты ауқымды бай екенін көрсеткім келді. Көріп тұрғандарыңыздай түрлі тасқа салынған таңбалар, аңыздар күлтегіннің көк тасы, әлемді аяғының астына алған батыр бабамыз көрініс табады."


7

"Асауды тұсау" көлемі 190×120 кенеп майлы бояу. 

Суретші пікірі: "Біз қай кезден асау құрықтап үйрету оны соғымға сою бағзыдан келе жатқан дәстүрлеріміздің бірі. Жұмысымда сондай асауды тұсап жатқан адамдар, өмірі үшін жанталасып жатқан асау ауыл ауласында бейнеленген."



author

Аманжол Сұлтан

СУРЕТШІ

Жаңалықтар

Сенат кулуарында ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары доллар бағамына қатысты сұраққа жауап берді,...

Жаңалықтар

Заманбек Нұрқаділовтың алғашқы жары Нұрбике Нұрқаділова көз жұмды, деп хабарлайды Madeniportal.kz....