«Бабалар үні» этно-фальклорлық дәстүрлі өнер фестивалі басталды

Жаңалықтар
5322

25 маусымнан 25 қыркүйек аралығында Елорда төрінде ҚР Еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - Майра Әлімғазықызы Ильясованың авторлық жобасы «Бабалар үні» этно-фольклорлық дәстүрлі өнер фестивалі байқауы өтеді. 

Фестивальдың мақсаты төл өнерімізді ұлықтап, бабалар үнін жаңғырту. Қазақы сырлы, сазды әндерімізді, домбырамызды, ұлттық аспаптарымызды дәріптеу. Мәңгілік мұрамызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізе отырып насихаттап, талантты өнер иелерін анықтау жаңа есімдерді ашу арқылы ұлттық өнеріміздің мәртебесін арттыру. 

Ұлт ұлттан тілімен, ділімен, әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен, өнерімен, мәдениетімен ерекшеленеді. Қазақтың әндерін айту үшін алып жүрек, асқан шеберлік керек. Бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде және өзге мемлекеттерде де баба мұрасын ұмытпай, ұлықтап жүрген әншілер, өнерпаздар дәстүрлі әндерімізді нақышына келтіріп орындап, дәріптеп жүрген дарындар қаншама. Қазақтың дәстүрлі әндерін домбыра, сырнай және ансамбльдердің сүйемелдеуімен орындай отырып, кеңінен насихаттау жобаның негізгі міндетінің бірі болып табылады.

ЖОБА ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША ТҮСІНІКТЕМЕ 

Жүректі қозғап, көңілдің қылын шертер қазақтың дәстүрлі әндерінде терең ой, өрекпіген өр сезім, сарқылмас сағыныш, өмір шындығы мен рухани биіктік бар. Өзіндік сарынымен, өзгеше айтылу мәнерімен дараланатын төл туындыларымыз арқылы бүкіл жас ұрпақты тәрбиелеуге болатыны ақиқат. Өйткені, баяғының баянды әндері жаныңды тербетіп һәм емдейтін тылсым күшке ие. Қазақ әндері – батыр да, ақын бабаларымыздың үні. Оны жаңғырту және ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, алдынғы буынға аманат. Ұлт ұлттан тілімен, ділімен, әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен, өнерімен, мәдениетімен ерекшеленеді. Қазақтың әндерін айту үшін алып жүрек, асқан шеберлік керек. Бүгінде дәстүрлі әндерімізді нақышына келтіріп орындап, дәріптеп жүрген дарындар қаншама. Бірақ, оларды елеп-ескеру жағы кемшін болып тұрғаны жасырын емес. Ұлттың болашағы үшін ұлттық өнеріміздің жүгін арқалап жүрген таланттарға қолдау көрсету мақсатында «Бабалар үні» жобасы ұйымдастырылып отыр. Бұл жобаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және өзге мемлекеттерде де баба мұрасын ұмытпай, ұлықтап жүрген әншілер, өнерпаздар қатыса алады. Қазақтың дәстүрлі әндерін домбыра, сырнай және ансамбльдердің сүйемелдеуімен орындай отырып, кеңінен насихаттау жобаның негізгі міндерінің бірі. Бағзы замандардан бергі біздің өміршең әндеріміз бабалардың үні. Сол бабалар үні даламызбен қаламызда жаңғырып жатса, бәрімізге қуаныш, шаттық болары сөзсіз.

Байқау шарттары:

Байқау жұмыстары 25 маусымнан 25 қыркүйек аралығында mairaonerortalygy@mail.ru почтасында қабылданады. Жіберілген әр жұмыс арнайы тағайындалған комиссия мүшелерінің іріктеуінен өтеді. Байқау соңында әр номинация бойынша бір ғана шығарма жеңімпаз атанады. 

Байқау номинациялары және жүлде қоры: 

-  «Бабалар үні» - Арнайы ән. Фестиваль Гимні) (300 000 теңге)

- «Бабалар үні» - Арнайы күй. (300 000 теңге)

- «Бабалар үні» - Үздік би. . (Топтық немесе жеке) (300 000 теңге)

- «Бабалар үні» - Үздік логотип. (200 000 теңге)

- «Бабалар үні» - Логотипке фондық музыка. (30 секунд) (200 000 теңге) 

 Қатысушыларға қойылатын талаптар: 

- «Бабалар үні» жобасына қатысатын жұмыстар міндетті түрде тақырыпқа сай, ұлттық құндылықтаорды, әдет-ғұрыппен салт-дәстүрді, ұлттық музыканы,  өнер мен мәдениетімізді дәріптеп, тақырыпты аша білуі қажет.

- Жобаға ұсынылған жұмыстар еш жерде жарияланбаған, алғаш рет жарыққа шыққан және болашақта  тек осы жобаға тиесілі жұмыс болып қалуы қажет. 

- Өтініштерді төмендегі кесте бойынша жіберулеріңіз сұралады;

Аты -жөніҚала, аудан, ауылҚатысатын байқаудың аты 
1---


Жобаның авторы және ұйымдастырушысы: ҚР Еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - Майра Әлімғазықызы Ильясова.

Байланыс телефондары: 8701 988 06 16, 8701 099 06 16

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Түркістан облысы Келес ауданындағы N8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің өзбек тілі...

Жаңалықтар

Қостанай облысында зауыт жұмысшысы зауыттағы бетон араластырғышқа құлап, қайтыс болды, деп хабарла...