Айна амальгамасы: Деррида және рефлексия философиясы ІІІ

ТАНЫМ
3234

МӘТІН

Мүлдем басқа мәтін туралы

Кейбір жағдайда Деррида мәтін туралы ұғымды жалпылау белгілі бір мәнде "мәтін теологиясына" қатысы болмайтынын анық айтып кетеді (Р, 258-б.). "Позиции" деп аталатын еңбегінде ол "мәтін ұғымын қажетті жалпылау, оның күрделі шекарасы болатын кеңеюі (метафизикалық қарсы әрекет жасаудан өтуі)" "(әрекеттері жолдан тайдыруды және әбігерге түсіруді көздейтін белгілі бір мүдделердің, реактивті күштердің ықпалымен)" ...өзіндік жаңа ішкі әлемінің, керек десеңіз, мәтіннің жаңа "идеализмнің" анықтамасы ретінде аяқталмауы қажет екенін ашық айтады (П, 66-б.). Сондықтан да Деррида философиясына қатысты мәтінділік, панмәтінділік, мәтіндік фетишизм және осы тектес нәрселер туралы айтатын философтар тәрізді, әдеби сыншылар да тап сондай әбігерге түсуді құптайды.

Дерриданың "баршаға ортақ мәтін" деген ұғымын нақты анықтамас бұрын, мен мәтінді түсіндірудің дәстүрлі тәсілдерін атап өтсем деймін. Оғаш естілсе де мәтіннің дерридалық түсінігінен нақты ерекшеленуі тиіс мәтінің осындай дәстүрлі мағынасын Дерридаға әдеби сыншылар мен кейбір философтардың телігені анықталып отыр. Біз мәтін ұғымының үш түрін ажыратамыз:

1. Мәтінді сезім арқылы сезілетін, эмпирикалық түрде кездесетін сөйлеу дискурсының жазылуы, өзі жеткізіп тұрған мағынаға қайтарылатын сөйлеу реакциясы болғанға дейін өзін-өзі өшіруі тиіс материалдық мөлдірлік саналмайтын нәрсе ретінде анықтауға болады. Дәл осыны архи-жазу ретіндегі жазуға қатысты айтуға болар еді, бірақ оның парақ бетінде бейнеленген библиялық кейіпкерлерге еш қатысы жоқ, Дерриданың түсінігінде "мәтін" сонымен қатар графикалық немесе "әріптік" нәрсенің сезілетін не көрінетін көрінісіне" дейін қысқартуға келмейді (П, 65-б.).

2. Мәтінді интеллигибельді нысан ретінде анықтауға болады. Осы шынымен-ақ Үстем тұжырымдама болып табылатын тұжырымдамаға сай, мәтін — диакритикалық немесе дифференциалды түрде анықталған таңбалаушы мен таңбаланушының таңбалайтын құрылысына сәйкес келетін ой. Мәтіннің осы анықтамасы Дерриданың "баршаға ортақ мәтініне" сай келмейтінін дәлелдеу үшін, Рассеяние еңбегінен мына үзіндіні келтіремін: "Мәтін, шынында да, ешқашан "таңбалардан" немесе "таңбалаушылардан" тұрмайды" (Р, 261-б.).

3. Басқа және бәлкім соңғы ұғым мәтінді "форманың" және "мазмұнның", сезімдік және идеалдық анықтамалардың диалектикалық корреляты ретінде таниды. Өздерінің қарама-қарсылығы мен оқшаулығының арқасында пайымдау ұғымдары арқылы берілуі мүмкін мәтіннің бұрынғы анықтамаларына қарағанда, мәтіннің диалектикалық анықтамасы оның зерделі әрі рационалды ұғымы болып табылады. Мәтіннің сезімдік және интеллигибельді бөліктерін, сондай-ақ этимологияларды, аллюзияларды, тұспалдарды және болуы мүмкін барлық sous- entendues-ті кез келген форма мен мазмұны бар бір жалпылықтың ішінде байланыстырып тұратын барлық аналитикалық өңдеулер, мәтінді спекулятивті философия (Идеалист немесе Романтик) шеңберінде түсінеді. Мәтінді қарама-қарсылықтардың орналасуы мен өзара жоюының жалпылығы ретінде, Барабарлық пен Өзгеліктің өзара шектеу ойыны ретінде көрсету арқылы, мәтін milieu ретінде, Aufhebung (алыну) элементі ретінде немесе ол туралы ұғымда (was im Begriffe liegt) бар болады деп болжалатын диалектикалық түсіндіру ретінде анықтайды. Дерриданың мәтіннің осы түсінігін үнемі сынайтыны туралы еске сала берудің орнына, бұл жерде оның мына сөзін келтірсек жетіп жатыр — "Мәтінде диалектика болмайды" (Р, 122-б.). Мәтіннің жалпы түсінігі үш анықтаманың бәрін де — "мәтін аталатын нәрсенің қозғалыста болатын шеттерін қалыптастыратын барлық шегараны" — жоққа шығарады /3/. Бірақ мұндай шектеу және мәтін ұғымын жүйелі түрде жалпылау мәтіннен тыс жатқан ештеңе жоқ, бәрі де мәтін және бәрі — тек мәтін ғана дегенді білдіріп тұр ма? Контекстен жұлып алынып: "in n'y a pas de hors-texte (мәтіннен тыс ештеңе де жоқ)" (ОГ, 158-б.) деген ұранға айналған Дерриданың ұсынысы ашу туғызғанын бәріміз білеміз. 1983 жылы сын "Дерриданың ең ерекше элементі" және "кейбір мәтінмен айналысатын эксперттерге — әдеби сыншыларға шағымданған элемент — әрине, оның "ой редукциясы және мәтінділіктің тәжірибесін /4/. Барлығы да мәтін болады деген қорытынды жасауға жол бермейтін "экстра-мәтін" болмайды дегенді айтпас бұрын — кейбіреулер "мәтінді" қандай да бір дәстүрлі түрде қарастыратын болса да — және әңгіме болып отырған пайымды түсіндірмес бұрын, Дерриданың пікірінше мәтіннің жалпыланған түсінігі, мәтінді жалпылық ретінде анықтайтын дәстүрлі анықтамадан тыс нәрсе екенін ескеру қажет болады.

Кез келген терминдерде — эмпирикалық, идеалистік немесе диалектикалық — мәтін нақты, ол іштей де, сырттай да өзін-өзі жабуды, сондай-ақ мәтін корпусы бірлігінің эмпирикалық түрде жабық болатынын және шығарманың интеллигибельдік бірлікте болуын немесе оның формальдық не тақырыптық мағыналарының диалектикалық жалпылығын білдіреді. Бірақ егер де баршаға ортақ мәтін — мәтін деп аталған нәрсенің дәстүрлі жалпылайтын ұғымдарын шектеп тұрса, ол, сонымен қатар, біршама ерекше мәтіннің енді жалпылық болмауына байланысты ішкі және сыртқы нәрсесі де болмайтынын білдіреді. Ортақ мәтін ішкі мен сыртқыны бөліп тұратын қандай да бір томаға-тұйық жабылған нәрсе емес. Жизнь за счет еңбегіндегі Дерриданың пікірі бойынша, баршаға ортақ мәтін — ішкі және сыртқы міндеттер түбінде өзгешеліктері жоғалатын орынды анықтап беретін шекара.

Жалпыға ортақ мәтіннің анықтамасын қарастырмай тұрып, сыртқы туралы идеяның мәтіннің кәдімгі ұғымдарына ғана қатысты мағыналы болатынын есімізге түсіргеніміз абзал. Бірақ мәтінді ортақ ету — дәстүрлі сыртқы жағына қатысты мәтіннің дәстүрлі ұғымын тарату немесе қолдану емес. Жизнь за счет еңбегінде Деррида былай деп жазады: "Бізде мәтіннің үміт туғызатын ұғымын мәтіннен тыс жатқан тұтас салаға қолдану және барлық шегараларды, шеңберлерді, өткір қырларды бұзу арқылы әлемді кітапханаға айналдыру ниеті болған емес..., бірақ біз осындай қырлардың, шегаралардың теориялық және тәжірибелік жүйесін төменнен бастап, жоғарыға дейін қайта жасаумен айналысқан едік" /5/. Идеализмге қарсы жасалған ескертуден кейін, Позицияларда Деррида "біз орнықпаған күйдегі таңбалаушыға немесе референтке, мәнге немесе мағынаға деген белгілі бір аңғал көзқарасты табанды түрде сынаудан, яғни мәннің таза жаншылуынан немесе кейін қайтарылуынан сақтануымыз қажет" дегенді айтады (П, 66-б.). Басқаша айтқанда, біріктіретін соңғы себепке немесе трансцендентті таңбалаушыға тәуелді жалпылық ретінде болатын мәтіннен бас тартуымыз, мәтін референттігінің қарапайым жаншылуы дегенді білдірмейді.

Іс жүзінде Деррида мәтіндердің немесе тіпті болмаса, "әдебиеттің" қайталаушы не референциалды болатынын ешқашан жоққа шығарған емес. "Двойная сессия" оған жеткілікті дәлел бола алады. Дерриданың баршаға ортақ мәтінді жасамаса да, сипаттайтын нәрсені сілтеме деп атауы, бұл терминнің референтке қарай сілтеп тұрғанын білдірмейді. Жалпыға ортақ мәтінге қайталау тән, бірақ оның мимезисі шекті иммитацияға үстемдік етпейді, демек, ол adequaqtio (сәйкестік) ретіндегі ақиқатқа немесе, тіпті, Дерриданың "Двойная сессия"-дағы пікірінше aletheia (жасырын емес) ретіндегі ақиқатқа қатысты субъект болмайды. Дегенмен де бүл эсседе, ол, референт алынып тасталса да, "сілтеме қала береді" дегенді айтады (Р, 211-6.). Ақиқат баршаға ортақ мәтіннен тыс қалса да, сәйкестікке негізделетін ақиқатпен байланыс сақталады. Қысқасы, бұл жағдайда баршаға ортақ мәтін — бұл ... туралы мәтін, бірақ бұл жерде өзінің Өзгелікке жасаған сілтемесін жұтып қоюы мүмкін шешуші референт жоқ. "Экстра-мәтін" болмайды деу мынаны ғана білдіреді: мәтінге қатысты соңғы себеп ретінде болатын ешқандай тыс нәрсе мәтіндік сілтемелер жүзеге асыратын қызметті (Eifullungsfunktion) иелене алмайды. Бірақ осыған қарап, мәтіннен басқа ештеңе жоқ немесе барлық нәрсе тіл болып табылады деген қорытынды жасауға болмайды.

Осы тұрғыдан келіп баршаға ортақ мәтіннің көмегімен шешілген философиялық мәселені анықтау қажет болады. Егер мәтінге сілтеме жасау тән болса және егер ешқандай экстра-мәтін (оның болатыны күмәнсіз) мәтіннің сілтемелік кызметін жоюға шамасы келмесе, онда ол, феноменологиялық тілмен айтсақ, ұмтылу нысаны жоқ ұмтылыс болып шығады. Мұндай басы алынған немесе басы жоқ ұмтылыс, шешуші ұмтылатын нысаны болмаған соң, соған сәйкес келетін ұмтылудан тыс референт арқылы жүзеге асырылмайды. Деррида анықтағандай, мәтін интенциялықтың феноменологиялық идеясымен таласпайды. Керісінше, ол сананың ұмтылысын соған сай келетін ұмтылыс нысанымен немесе оны жүзеге асыратын нысанмен алмастырады және жазады. Негізгі перспективаға сай ұмтылыс нысаны жоқ ұмтылыс ретіндегі мәтін — феноменологиялық ұмтылысқа қарағанда, формалданудың әлдеқайда қуатты күші, өйткені оны сипаттап тұрған Өзгелілікпен жойылмайтын байланысы феноменологиялық ұмтылыстың мүмкіндігін түсіндіре алатын матрицаның және принциптер принципінің, қажетті әсер ретіндегі кәдімгіліктің қызметін атқара алады. Осы ретте ол ұмтылыс пен ұмтылу нысаны арасында түпкілікті ұқсастықтың құрылымдық жағынан болуы мүмкін еместігін де түсіндіреді.

Сонымен қатар, Дерриданың бәрі де мәтін дегенді білдіретін "экстра-мәтін болмайды" деген мәлімдемесін түсіндіргенде, оны жақтаған не қарсы болған сыншылар да осы мәлімдемеге арқа сүйеп: "мәтін дегеніміз — өзі туралы мәтін" — деген қорытынды жасаған. Бірақ егер мәтінге референтсіз жасалатын сілтемелер құрылымы тән болса, онда ол мәтіннен тыс туралы да, өзі туралы да болуы мүмкін. Деррида да дәл осылай мәтіннің ішінде ештеңе жоқ деп айтуы мүмкін еді. Жазудың мәтіндік құрылымы көрсетіп тұрғандай, құрылымдық себептер бойынша мәтінде сәйкес болуы қажет бірдейлік немесе өзіндік жоқ. Мәтін міндетті түрде өзіне-өзі сілтеме жасап тұрса да, мұндай қозғалыстың ешқашан тоқтайтын түрі жоқ. Сондай-ақ, барлық өзіне-өзі жасалатын сілтемелер, "Двойная сессияда" көрсетілгендей, басқа негіздеуші мәтіндерге, құрылымдық жағынан шексіз болатын сілтемелерге телінген, мұның нәтижесінде бүкіл мәтіндік өзіндік бейнелеулер шегіне жететіндей мүмкін болмай қалады.

Сонымен, қорыта айтқанда, Деррида О грамматологии еңбегінде экстра-мәтін жоқ деп мәлімдегенде немесе Рассеяние жұмысында: "Мәтіннен бұрын ешнәрсе жоқ; енді мәтін болмайтын мәтін алдындағы нәрсе болмайды" деп жазғанда нені меңзейді (Р, 328-б.)? Бұл мәлімдеме мәтіннен басқа бүкіл нәрселердің болуын жоққа шығармайды, ол баршаға ортақ мәтіннің (әдебиет болмайтын "әдебиет") мәтіннен тыс жататын таңбалаушысы немесе референті болмайтынын және де соңғы себебінің, оның сілтеме жасау қызметінің соңғы аялдамаға жетуі мүмкін эмпирикалық немесе интеллигибельді нәрсесі болмайтынын көрсетіп тұрады. Бұл сондай-ақ, жалпылама мәтіннің сілтеме жасалмайтындай етіп жасалуы мүмкін референциалдылық жүйеден тыс жатқан қандай да бір нәрсеге сілтеме жасамайтынын білдіреді, ал оның референциалдығы мәтіннің өзіндік рефлексиясын туғызбай, көру көкжиегінен асып кетеді. Сілтемелердің мәтіндік жүйесіне тәуелсіз шешімнің қабылдануын мүмкін ететін экстар-мәтіндердің болмауы, мәтіннің түпкі мәнінің болмауын да білдіреді. Бұл баршаға ортақ мәтіннің семантикалық байлығына не түпсіз тереңдігіне, сондай-ақ адамның оқу қабілетінің шектеулігіне байланысты болмайтынын, тек құрылымдық себептерге ғана тәуелділігінен болатынын тағы да қайталап айту қажет.

Бұған баршаға ортақ мәтінге қатысты экстра-мәтіннің болмауына қарамастан, роман, поэма, әңгіме немесе жалпы айтқанда, әдеби шығарма экстра-мәтінге ие болмайды деген қорытынды шықпайды. Біріншіден, баршаға ортақ мәтінге қатысты жағдайда экстра-мәтіннің болмайтыны, дәстүрге жақын мәтіннің жалпылайтын ұғымдарымен дәлелденеді. Мәтіннен тыс роман, поэма, әңгіме және т.б. алдындағы жалпылайтын референтке немесе таңбалаушыға тәуелді болуы мүмкін, әсіресе егер олар миметология шеңберінде пайымдалған болса. Бірақ олардың мағынасы осы жолмен анықталмауы да мүмкін. Егер мұндай мүмкіндік болатын болса, оны бәрібір де түсіндіру қажет. Баршаға ортақ мәтін туралы түсінік осы мүмкіндікке ең жоғары мағына үстейтін философиялық "конструктан" басқа ешнәрсе де емес.

Барлық әдеби сын экстра- немесе интра- мәтінге қатысты мәселені шешу мүмкіндігіне тәуелді болатындықтан, баршаға ортақ мәтін туралы түсінік осы пәннің жобасына қайшы келеді. Бірақ, сонымен қатар, баршаға ортақ мәтін туралы түсінік әдеби зерттеулер үшін жаңа мүмкіндіктердің көкжиегін де ашады. Біздің пайымдауымызға ұсынылатын осындай мәтін ұғымын инфрақұрылымдық мәнде түсіну қажет болады. Бұл баршаға ортақ мәтінді, эмпирикалық және жай әмбебап ұғымдардың арасындағы айырмашылықтан тыс болатын "шынайы" немесе баршаға ортақ идеалды ұғым ретінде пайымдауды қажет дегенді білдіреді. Ешқандай эмпирикалық немесе абстрактылы әмбебап нәрсе — яғни, эмпирикалық түсініктерден абстракцияланған нәрсе — мәтін заңының анықтамасына ене алмайды. Баршаға ортақ мәтінді инфрақұрылымдық мәнде түсіндіру дегеніміз — бұл, дегенмен, мәтінді бір ғана инфрақұрылымға айналдыру дегенді білдірмейді. Біздің көзіміз оған әлі жететіндей, ол инфрақұрылымдар жиынтығы ретіндегі жазуға ұқсас нәрсе. Мәтіннің ондай инфрақұрылымдық мағынасын нақты түсіну үшін, біз болашақта оның онтологиялық дәрежесін анықтауымыз қажет болады.

Рудольф Гаше

Ағылшын тілінен Жанат Баймұхаметовтың аудармасы бойынша тәржімеленді


Оқи отырыңыздар: Айна амальгамасы: Деррида және рефлексия философиясы І

Айна амальгамасы: Деррида және рефлексия философиясы ІІ

author

Жак Деррида

ПУБЛИЦИСТ

Жаңалықтар

Жаңа адамдар Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті деканының қызметтен босатылуын...

Жаңалықтар

Оқиға Есет батыр шағын ауданында болған. Ойын баласының аулаға жүгіріп шығып, көлік астына түскен сә...