«Тамағына малдық қиын қосқан»: Қарағандыда 6 баланы асырап алған отбасы елдің жағасын ұстатты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
3101

Қарағандыда жетімдер үйінен 6 бала асырап алып, қызын — күң, ұлын құл қылған отбасы сотқа тартылып жатыр, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Тергеу мәліметінше, асыранды балалар ата-ана мейірімінің орнына қорлық көрген. Тамақ бермей, үнемі ұрып-соғып, ақыры біреуін мүгедек қылған. Отбасының үш мүшесіне қатысты азаптау бабы бойынша айып тағылды.

Прокурордың мәліметінше, олар балаларды түнде иттің үйшігіне қамап, малдың қиын тамағына қосып берген.

Балалардың денесінен көгерген, ұрылған, соғылған соққылар табылды. Ең кішісінің басы жарылған.

Қазір балалардың үшеуі туған әжесінің қолында. Қалған үшеуі балалар үйіне жіберілді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...