«Гамлет» трагедиясы тұңғыш рет қуыршақ бағытында сахналанды

ТЕАТР
2015

24 тамыз күні Шымкент Қуыршақ және жасөспірімдер театрының жаңа маусымдағы қойылымы – У.Шекспирдің «ГАМЛЕТ» трагедиясың премьерасы карантин талаптарын сақтай отырып, 30% көрермендердің қатысуымен өтті. Жаңа қойылымның қоюшы режиссері, белгілі жас режиссер – Айдын Салбанов Қоюшы суретшісі – Ақмарал Қосбармақова.

Трагедияда Гамлет бейнесі арқылы сол уақыттағы қоғамдағы жоғары биліктің дағдарысы, тақ үшін таласқан биліктің арандатушылық әрекеттері бейнеленеді. Басты кейіпкер Гамлет – сол кездегі қайта өрлеу дәуірінің гуманисті, өз заманына лайық жоғары мұраттың иесі бола тұра, айналасындағы билікқұмар туыстарының кесірінен оның өмірге, адамға деген сенімі, ең жақсы мұраттары мен армандары іске аспайды.

«Гамлет» трагедиясының идеясы – жоғары армaндардың құрып, құрдымға кетуін, қоғамды түзетyге белсеніп шыққан жалғыз күрескер Гамлеттің қайғысы мен трагедиясын суреттеу болып табылады. Бұл жолғы қойылым ерекше болды деп айта аламыз, өйткені У.Шекспир туындылары Қазақстанда алғаш рет қуыршақ арқылы қойылды. Қойылым кейіпкерлерінің барлығы арнайы жасалған қуыршақтар арқылы образды түрде жоғары деңгейде сомдалды. Бұл жағдай көпшілік көрерменді елең еткізбей қоймайды. Себебі, Гамлет обpaзы көптеген ғасырлар бойы түрлі пікірлер туғызып келсе де, бұл образ бүгінгі заманға дейін ақиқат шындық қалпын жойған жоқ. Ол өмірде де, әдебиетте де әлі де адамдарды толғандыратын образдapдың прототипі болып қалып отыр.

Шекспир трагедиясын қуыршақтар арқылы сахналау идеясы өте тиімді әрі тақырыптық тұрғыданда табысты екенін көрсетті. Қойылымда Гамлет образын театрдың жас актеры Берік Күмісбек, қандықол Клавдий патша бейнесін талантты актер Ерғали Турдалиев сомдады.

Әлемдік деңгейдегі классикалық шығарманы қуыршақтар бағытында сахналау театр әртістеріне үлкен жауапкершілік жүктегені сөзсіз. Алайда, алға қойған үлкен міндет ақталды. Ендігі сөз патша көңілді көрерменде. Осы орайда жаңа қойылымды театрға келіп тамашалауға шақырамыз!

Шымкент қалалық қуыршақ жәнежасөспірімдер театрының әдебиет бөлімі меңгерушісі М.Жарылқасын

Жаңалықтар

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі ми...

Жаңалықтар

Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы "асқан қатыгездікпен қинап өлтірді" деп айыпталған экс-министр Қу...