Ташкентте «Жібек жолының інжу-маржаны» халықаралық кинофестивалі басталды

КИНО
1026

Бүгін Ташкентте «Жібек жолының інжу-маржаны» халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясы

Шараға танымал шетелдік кинорежиссерлер мен «Бес күндік кино» арнайы бағдарламасы аясында өз бақтарын сынайтын жас режиссерлер қатысады. 

Сонымен қатар фестиваль аясында әлем елдерінің кино күндері өтеді. Олардың қатарында Әзербайжан, Беларусь, Египет, Израиль, АҚШ, Үндістан, Италия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Польша, Ресей және т.б. елдері бар.⠀

«Уақыт жолдары» фильмінен үзінді кадрАйта кетейік, халықаралық фестивальде қазақстандық киногерлер түсірген «Уақыт жолдары», «Әміре», «Бір сен үшін», «Мұзбалақ» пен «Күлтегін» туындылары көрсетіледі. Шараға қазақстандық делегациядан «Қазақфильм» президенті Ақан Сатаев, вице-президент Айдархан Әділбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер Берік Айтжанов, «Қазақфильм» киностудиясының өндіріс қызметінің жетекшісі Арууана Серікбаева қатысады.

«Мұзбалақ» фильмінен үзінді кадр

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...