ҚоналқаСтудент кезім. Үзіліс кезінде біреу маған:– Сені ақын Кеңшілік Мырзабеков шақырып тұр,...
Әдебиет пен шындық жайында тағы бір эссе
Біздің өмірлік шындығымыздан туындаған әдебиеттегі аса күрделі мәселенің бірі – сөздің жасандылығы. Егер біз өзен жайында сөз қозғасақ, Еуропалық бір оқырман қиялына бірден 2.790 километр ұзындықтағы Дунай өзені келеді. Егжей-текжейлі болмаса да ұзындығы 5.500 километр есебіндегі Амазонка өзенін қиял етудің өзі оңай емес. Белен-Парадан көз жүгіртсеңіз қарсы жағалауы көрінбейтін, өзен арнасы Балтық теңізінен де кеңірек. “Дауыл” сөзін жазғанымызда Еуропалықтардың ойына найзағай мен күн күркірі түседі, ал айтқымыз келген негізгі фактіні еске түсіре қоюы қиындау. Дәл сондай, бұған “жаңбыр” сөзі де мысал бола алады. Француз жазушысы Касвье Мармьенің Француз оқырманы танымына қарай жазуы бойынша, Анды тауларында дауыл мерізімі бес айға созылатын көрінеді. «Мұндай дауылға ұрынбай-ақ қойыңыз» дейді, ол «тіпті елестетудің өзі ауыр. Найзағай сағаттар бойы бейне бір қанды сарқырама тәрізді шатырлап, жарқылдайды, тау шыңдарының шулы жаңғырығымен күн күркірі қосылып дүниені астан-кестең қылады», деп жазады. Бұл сондай шедевер болмаса да, тіпті күмәншіл Еуропалықтардың өзін қоқыныштан қалт еткізердей суреттеу.
Біз бүгінгі танымдық болымысымызға сай жаңа сөздерді үйрене, орынды қолдана білуіміз үшін арнайы бір тілдік сиситема жасақтаумыз керек. Бұған деген қажеттілігіміздің мысалы санап тауысқысыз. Ғасыр басында Амазонка өзенінің төңірегін шарлаған зерттеуші Ф.У. Де Граффтың айтуына қарағанда, мұндағы бір өзен тармағы суының ыстықтығы сондай бес минутта жұмыртқа пісіруге болатын көрінеді; тағы бір жерде қатты дауыстаған сәтте нөсер жауа бастайды-мыс. Колумбияның Кариб теңізі жағалауында, бір адамның құлағынан құрт атқылаған сиырдың алдына шығып әлдебір тылсым дұға жасаған соң, көп өтпей әлгі құрттардың өле бастағанын өз көзіммен көрдім. Әлгі адам егер жануарды егжей-тегжейлі сипаттап, оның мекендеген жерін көрсетсе, соған қарай емдік шараны сырттай қолдануға да болатынын алға тартты. 1902 жылы 8 мамырда, Мартини аралында Пелли Жанартауы бірнеше минут ішінде Сен-Пьер (порт) қаласын жермен-жексен етіп, 30 000 қала тұрғыны түгелімен өзен боп аққан қызыл жалын балқыманың астына көміліп ажал құшады.
Тек қана Мексиканың адам нанғысыз ақиқатын ақтару үшін том-том кітап жазуға болды. Өмірімнің 20 жылын осында өткізем де әлі бұршақ толы кесені қолыма алып, сағаттар бойы қиял құшағына көміле аламын. Аңқылдақ жерлестерім маған осы атбасбұршақтың үздіксіз қозғалуының себебі ішндегі жанды құрттардың әсері дейтін: Менше мұндағы еркеше жағдаят бұршақтың құрт әсерінен қозғалуы емес, ішінде өзін қозғалысқа итермелеген бір күштің (құрттың) болғаны. Өмірімдегі кездейсоқ жағдайдың бірі, тұңғыш аксолотльді көруім болды. Хулио Кортасар әңгімелерінің бірінде, арыстан көру үшін бір күні Париждегі өсімдіктер (Jardin des Plantes) бақшасына барғанда аксолотль көргенін айтады. Кортасар «аквариумдердің алдынан өтіп бара жаттым, кәдімгі балықтарды қызықтап тұрып, кенет бір аксолотльға көзім түсті», деп жазады. Сосын былай деп тәмәмдайды: «Бір сағат бойы оған қарадым, сыртқа шыққанымда ештеңе жасай алмас халде едім», Дәл осындай жағдайды Пацкуарода менің де басымнан өтті, бірақ мен аксолотльға күні бойы қадалдым әрі соңынан онда бірнеше мәрте тағы бардым. Мені хайуанның өзінен гөрі көбірек қызықтырған нәрсе ғимараттың есігіне ілінген маңдайшалық болғанды: «Мұнда аксолотль шырыны бар».
Осы адам сенгісіз жағдайлар Карибтың ең биік шыңына дейін, тіпті солтүстікке қарай жылжып АҚШ-тың оңтүстігіне, Оңтүстікте Бразилияға дейін ұласады. Бірақ осы айтқандарым долбар болып саналмағай. Жоқ: География сарапшыларының тәпсіріне қарамастан, Кариб өңірі тек жағрафиялық өлке ғана емес, мәдениет жағынан да таза біртекті аймақ.
Кариб өңірінде алғашқы наным-сенімдер мен байырғы сиқырлы ғұрыптық танымның өзгеше элементтеріне, соңғы уақыттардағы түрлі мәдениеттердің бірігуі арқылы өнердің көптүрлігі және ешқашан жалыны сөнбейтін бір сиқырлы синкретизм қосылды. Африка мәдениетінің үлесі көтерісшіл тиран арқылы жүзеге асырылса да қайырлы болғандай. Тоғыз жолдың торабы саналатын осынау өлкеде, әркімнің ешқандай шектеусіз қалағанын істей аламын дейтін еркіндік сезімі, құдайсыз және заңсыз бір шындық қалыптасқан: мұнда бір түнде-ақ қарақшылар патшаға, қашқындар адмиралға, жезөкшелер губернаторға айналып шыға келеді. Кейде жағдай тап керісінше орын алып жатады.
Мен Карибте тудым әрі осында ержеттім. Бұл өңірдің барлық төбешік-тепсеңін, бүтін аралдарын білемін, шындықтан өткен қорқынышты ештеңе жоғын мойындап әрі бірдеңеге қарманып әрекет ете алмайтынымды түсініп құлайзитындығымның себебі де осыдан шығар. Қолымнан келгені тек, поэтикалық әдістерге жүгіну, бірақ шын мәнісінде кітаптарымда шынайы оқиғасы болмаған, шындыққа құрылмаған бірде-бір сөйлем жоқ. “Жүзжылдық Жалғыздықтағы” Бувендия әулетінің ұрпақтар бойы берекесін кетірген доңыз құйрығы оқиғасы да осылардың бірі. Әрине мен басқаша бір бейнелеу таба алар едім, бірақ доңыз құйрықты бір нәрестені дүниеге әкелудің сол кезең тұрғысынан қарағанда шындықпен еш сәйкеспейтін бірдеңе болатынын түсіндім. Әрі роман жұртқа таныла бастаған соң, Америка құрылғының түрлі көшелерінде, доңыз құйрығына ұқсайтын ұзын салақшалары бар адамдар мен әйелдер пайда бола бастады. Барранкильяда бір бозбала газетке шықты: құйрықты болып туылыпты әрі ержетіпті, бірақ “Жүзжылдық жалғыздықты” оқығанға дейін ешкімге көрсетпепті. Ал, бәрінен де мені таңғалдырғаны: «Құйрығым болғанын ешкімге айтқым келмейтін, өйткені қатты ұялушы едім», дейді де «қазір, романды оқығандықтан әрі басқа да оқырмандардың пікірлерін естіген соң, мұның бір табиғи жағдай екенін түсіндім». Осыдан біраз бұрын, бір оқырман маған Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулдегі, доңыз құйрығымен туылған бір қыз баланың фотосуретін жіберді. Романды жазғанымдағы ойыма қарама-қарсы, Сеулдегі қыздың құйрығын кестіпті әрі қыз да көз жұмбаған екен.
Және жазушы ретіндегі ең қиын тәжірибем, «Бастық әкейдің күзін» жазуға дайындық барысында басымнан өтті. Он жылға жуық Латын Америкасындағы, әсіресе Кариб теңізі өңірі маңындағы диктатурлар туралы табылған деректің бәрін сүзіп шықтым; мақсатым кітабымды барынша шынайы түрде шындыққа құру болды. Әуелгіде қалай түртіп көрсем де көңілдегідей шықпай-ақ қойды. Хуан Висенте Гоместің интуициясы нағыз көріпкелдің түйсігінен де күшті шықты. Франсуа Дювалье тек қашқын дұшпандарының бірінің кейпін қара түсті ит кейпіне етіп құтылып кетпек болғанынына имандай сенгені үшін, Гаитидегі бүтін қара түсті иттерді өлтіріткізіп еді. Философ Карли тарабынан зерттеуге тұрарлықтай құнды саналған Франкия, Парагвай мемлекеттерінің есігі бейне қоршаудағы үй тәрізді сыртқа жабық ұсталып, хат-хабар үшін тек бір терезесі ғана ашық қалдырылыпты. Антонио Лопес де Санта-Анна тіпті өз аяғын салтанатты рәсіммен жерлеген.
Лопе де Агирренің кесік қолы күні бойы өзенде қалқығанда көргендерді қорқынышқа бой алдырыпты, себебі жұрт қолдың қанжар алып, өздерін өлтіре алатына сенген. Никарагуада Анастасио Сомоса Гарсианың үйінің ауласында бір хайуанат бақшасы болған-ды, қамау торлар екіге бөлінген: бірінде жабайы хайуанаттар, екіншісінде бір бармақтары кесілген саяси дұшпан есебіндегі тұтқындары қамалған.
Сальвадордың құдайшыл диктаторы Мартинез, жұқпалы қызылшамен күресу мақсатында, елдегі бүкіл көше шырақтарын қызыл қағазбен қаптатып, сонымен бірге жемек азықтарының зәрлі-зәрсіздігін білу үшін тамақтанудың алдында үстілеріне іліп қоятын бір маятник механизмін ойлап таптырыпты. Морасанның Тегусигальпадағы ескерткіші негізі Мишель Нейге тәуелді: Ескерткіш құйдыру үшін Лондонға жол тартқан мүсіншілер делегациясы, белгісіз қойманың бір бұрышынан көріп қалған мүсінді сатып алуды жөн санап, мұның Морасанның шынайы ескерткішін жасатудан әлдеқайда арзанға түсетінін қанағат етіпті.
Ұзын сөздің қысқасы, Латын Америкасының, Кариб өңірінің жазушылары ретінде қолымызды жүрегімізге қоюмыз әрі “ақиқаттың” бізден әлдеқайда бір жақсы жазарман болып саналатынын мойындаумыз керек. Тағдырымыз, тіпті негізгі жетістігіміз де қолымыздан келгенше, кішпейілдікпен шындықты көрсету үшін бар еңбегімізді сауа қайрат қылмақ.
1981 жылы тамыз, МАДРИД
Аударған Естемес Шәкіржан