Талдықорғанда қонақүйден 12 рет пышақталған әйелдің денесі табылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1784

Талдықорғанда қонақүйлердің бірінен 12 пышақ жарақатын алған әйел-администратордың денесі табылды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Қылмыс орны әйелдің денесі табылған кезде қонақүйдің бірінші қабатында өрт болып жатқан. Болжам бойынша, күдікті қылмыстың ізін жасыру үшін өрт қойған болуы мүмкін.

«24 мамыр күні сағат 04:14-те Paradise Villa қонақүйінің қабылдау бөлімінде өрт шықты. Жалын 20 шаршы метр аумақты қамтыды. Сағат 04:29-да өрт толық сөндіріліп, 35 адам эвакуацияланды», – деп хабарлады Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Полиция бұл дерекке байланысты кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, күдікті ұсталды.

«Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, оқиға ізін суытпай 23 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», – делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

 
 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты FlyArystan Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Бейнеу-Сексеуіл» магистралі – Қытай мен Еуропаны байланыстыратын «алтын&raq...