"Қазақфильм" киностудиясы карантин кезінде қазақстандықтар үшін қызықты әрі қауіпсіз демал...
Қазақ сержанты туралы фильм экранға жол тартады
Кинорежиссер Гүлнәр Сәрсенова мен Вахтанги Хубутияның бірлескен жобасы «Нартай» фильмі үлкен экранға жол тартпақ. Экшн элементтері бар трагикомедияның премьерасы үстіміздегі жылдың мамыр айының 5-ші жұлдызында өтеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Бұл қазақ сержанты, өз Отанының патриоты Нартай Сапарғалиев туралы оқиға. Тағдырдың жазуымен ол 90-шы жылдардың ортасында, өзінің сенімді серігі – Т-62 танкімен бірге ГДР-ге келеді. Жарқын әрі көңілді кейіпкеріміз жат жерде өзіне достар тауып, керемет батылдықты, тапқырлық пен әзілді көрсете жүріп, Мюнхеннің басты алаңы – Мариенплацте әртіс ретінде ақша табады. Алдынан кездескен әрбір адамға көмек қолын созады, көмектеседі. Соңында, югославиялық иммигранттарды қорғаймын деп неофашистік топпен төбелсіп, құрметпен жеңіп шығады. Оның оқиғасы тіпті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне дейін жетеді. Нартай эпикалық кейіпкер сынды, ол үшін мүмкін емес ештеңе жоқ...
Фильмнің продюсері – Гүлнәр Сәрсенова. Сценарий авторы – Сергей Калужанов, қоюшы-операторы – Азамат Дулатов.