Су мен жарық тағы қымбаттайды

Фото: Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
1157

Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері тағы өседі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Оның айтуынша, ұлттық жоба аясында субсидиялау тетігі енгізілген. Яғни, тарифтің бір бөлігі тұтынушы есебінен, қалғаны бюджет қаржысы арқылы жабылады. Соның нәтижесінде бағаның күрт көтерілуіне жол берілмейді. Дегенмен, тарифтің өсімі бәрібір де болады.

«Жалпы есеппен алғанда, келесі жылы коммуналдық қызметтер 20-30 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін», – деді Қосымбаев.

Сарапшылардың айтуынша, бұл — инфрақұрылымды жаңарту мен қызмет сапасын арттыру үшін қолға алынған шара. Алайда қарапайым халық үшін бұл – тағы бір ауыртпалық. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...