Алматыда сақ жауынгерінің қабірі табылды

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
2077

«Алматы қаласы мұражайлар бірлестігі» мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері V-II ғасырлардағы сақ жауынгерінің қаңқасын тапты.

16 қазанда Алматы қаласы Алатау ауданының аумағында археологиялық қазба жұмыстары кезінде анықталған. 

Сақ жауынгерінің табыты үш метр тереңдікте орналасқан. 

Ішінен адам қалдықтарынан бөлек, қару-жарақ сынықтары: алтын элементтері бар қылыш, күміс зергерлік бұйымдар, сондай-ақ сақ дәуіріне тән жануарлардың бейнелері бар қаңылтыр алтыннан жасалған бұйым табылған.

Қазба  жұмыстары жыл сайын жүргізіледі, бірақ мұндай сәтті олжалар сирек кездеседі. Соңғы рет 2014 жылы киімнің алтын сынықтары табылған еді, – деді «Алматы қаласы мұражайлар бірлестігі» КМҚК директоры Ләззат Сағындықова.

Қазба жұмыстары әлі де жалғасуда. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын мәдениет басқармасының тапсырысы бойынша «Алматы қаласының мұражайлар қауымдастығы» жүргізеді.

Шоу-бизнес

Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы экс-күйеуінің үстінен рес...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда ер адам адам зейнеткерді өлтірген соң қашамын деп полиция ғимаратына барып тығылған, деп хаб...