2022 жылы туристік демалыс орындарының кірісі өсті

ТУРИЗМ
635



2022 жылы туристік демалыс үшін түрлі орын иелерінің табысы 160 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштерден 60%-ға артық екендігі туралы Мәдениет және спорт министрлігінің басшысы Асхат Оралов туризм мәселелері жөніндегі кеңейтілген алқа отырысында айтты.

«Мысалы, Атырау облысында туристердің 3,5 есе, яғни 2021 жылы 30,5 мың адамнан 2022 жылғы 108 мың адамға дейін өсуі байқалады. Бұл өңірдің транзиттік әлеуетіне байланысты. Сонымен қатар әрбір 4-ші турист Алматы қаласына барады. Аталған кезеңде оңтүстіктегі астанамыз туристердің рекордтық санын – 1,2 млн-нан астам қонақты қабылдады», - деп атап өтті Асхат Оралов.

Пайданың өсуі елдің барлық өңірінде тіркелгенін қоса айтып кету керек. Атырау облысында – 3 есе болса, Алматы қаласында – 2 есеге өскен. Ал 5 өңірде (Астана қ., Ақмола, Павлодар, ШҚО+Абай обл., Маңғыстау облыстары) өсім 60% - дан 75% - ға дейін құрайды.


Жаңалықтар

Алматыда ер адам анасын аяусыз ұрып-соққан үшін қамалды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Қарияның а...

Жаңалықтар

Түркістан облысында «Шымкент-Самара» автожолында оқушылар мінген газель отқа оранды, деп...