Ұлытау облысының медициналық мекемелеріне жедел жәрдем көліктері табысталды

Жаңалықтар
719



Бүгін өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының медициналық мекемелерінің өкілдеріне жеті жедел жәрдем көлігінің кілтін салтанатты түрде табыс етті. Өңірге JAC маркалы төрт автомобиль және Next ГАЗель маркалы үш автомобильді сатып алуға қаражат республикалық бюджеттен бөлінді. Жедел жәрдем көліктері заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған. 

Жезқазған және Сәтбаев қалалық жедел медициналық жәрдем станциялары екі көліктен алды, Жаңаарқа ауданының, Жәйрем және Жезді кенттерінің жедел медициналық жәрдем станцияларына бір көліктен берілді.

«Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясын жаңа автомобильдермен қамтамасыз ету, медициналық қызметтердің сапасын одан әрі арттыруға бағытталған алғашқы қадам болмақ. Сондай-ақ, жақын арада «Самұрық-Қазына» АҚ біздің облысқа бес реанимобиль береді. Осы шаралардың барлығы өңірдің денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз», – деп атап өтті Берік Әбдіғалиұлы. 



Облыстық медициналық көмек станциясының директоры Х.Оспанбекова өз кезегінде Ұлытау облысының басшылығына медициналық мекемелерді жарақтандыру және жалпы халықтың денсаулық деңгейін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар үшін алғысын білдірді. 

Естеріңізге сала кетейік, Ұлытау облысының денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында 19 түрлі жоба іске асырылатын болады.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...