Ерназар Ыбыраев“Қыз кезінде бәрі жақсы, “сондай” әйел қайдан шығады?” &ndash...
Айым Айбекқызы. Ақын жырын жырлаған
Белгілі ақын Аманқос Ершуовтың шығармашылығына арналған қаламгерлер арасында «Ақ бұлттар, қара бұлттар, ала бұлттар» атты республикалық эссе байқауына
Байқасақ, аспанда да алалық бар.
Біреуде жас та болса, даналық бар,
Біреуде қарт та болса, шалалық бар.
- деп көңілдің құм-сағатына қайыра үңілемін. Бұл өлеңмен кездесуге дейін әлі арада бірнеше жылдар жатыр екенін біз білмепсіз. Себебі, біз өскелең ортада жаңадан өсіп келе жатқан жас ұрпақпыз. Қазақта ақындардың алар орны өте зор. Шешен, ақындардың жазған және де айтқан әрбір сөзі біздің ұрпақ үшін сарқылмас байлық, әрі баға жетпес білім. Соның ішінде мен үшін ғажайып ақындардың бірі жерлесіміз - Аманқос Ершуов.
“Коммунистік еңбек” газетінде әдеби-қызметкер болып қызмет қылған жан. Көптеген жырлары “Жұлдыз” журналында жарық көрген. Өлеңдері барша халықтың жүрегінен орын алған. Әрбір жыры қимастық сағыныштан,толқындай тасыған шабыттардан туған. Жырлары, өлеңдері өз мағынасымен, өз шынайлығымен, тазалығымен ерекшеленіп, әрбір жанды өзіне баурап алары сөзсіз. Соның ішінде “бұлттар”жыры.
Ақ бұлттар, қара бұлттар, ала бұлттар,
Байқасақ, аспанда да алалық бар.
Біреуде жаста болса даналық бар,
Біреуде қарт та болса шалалық бар.-осы бір небәрі 4 жол қаншама затты ұғындырады. Түсіне білген адам үшін бұл жандардың өзі қаншама керемет шабыттан шыққаны белгілі. Тірі жанның бойында табылар сатқындық пен адалдық,қиянат пен аманат секілді қасиеттердің ала жібін айыра білу. Айырмашылығын айқара ашық көрсету.
Мысық табан…
Мына дерт жайлап келіп,
Құртып жатыр мысымд,қайрат кеміп.
Қолды-аяққа тұрмаған көңілімді,
Аурухана заңына байлап беріп - осы жолдардан не түсінеміз?! Аяқ асты төніп келген қара бұлт туралы айтылады. Дерттің келуі. Өмірінің ауруханаға,дәрігерлерге байлануы.Осы уақытта денсаулықтың маңыздылығы. Уақыттың бағасы білінетіндей. Кәріліктенбе белгісіз бұл дерттің қайдан келгендігі жайлы айтылады.
Қортындылай келе,Аманқос Ершуовтың әрбір жыры асыл сөз байлығына толы екенідігінайтааламыз жәнедекөре аламыз.
1969 жылы Алматыда жас ақындардың республикалық фестивалі өтті. Оған Гурьев облысынан біздің ұстазымыз, әдебиет пәнінің мұғалімі Аманқос Ершуов ағамыз қатысуға кетті. Ол кезде мен оныншы класта оқып жүргенмін. Туыстас Бөкей ағамның үйінде жатып оқимын. Ол кісі «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерін жаздырып алады. Барлық газеттерді ұқыптап жинап, тігіндісін жасап, қабырғаға іліп қояды. Мен де соларды жатып алып оқимын. Бір күні «Қазақ әдебиетін» ашып кеп қалсам, Аманқос ағайдың Қасым туралы өлеңі жарқ ете түсті. Жата қалып оқиын. Жұлып әкетіп барады. Екпін, ырғақ, құйылған сөз, төгілген теңеу. Қасымның отты жырының жалғасындай болып лаулаған сол жыр газеттің бетін де лаулатып тұрғандай болды. Ақжарма ақын Ғафу Қайырбеков өлеңмен төгілдіріп ашқан сол ақындар жиынында қазақ поэзиясына тегеурінді топ, жаңа жыр жүйріктері келді. Солардың алдыңғы қатарында Аманқос Ершуовтың да аты шығып, академик Зейнолла Қабдолов «Қазақ өлеңіне жаңа Қасым келді» деп жар салды. Осылайша қазақ поэзиясының жаңа жүйріктері қатарында жарқ етіп көзге түскен жас талант Аманқос Ершуов әйгілі француздар тудырған: «Ақындар ауылда туып, астанада тұрады» деген қанатты сөзге бағынбай, өзінің баянына біткен бірбеткей мінезіне бағып, туған ауылында қалды. «Ауылда туған ақындар ауылда күн кешеді» деген ұғымды қалыптастырды. Осынысы дұрыс болған секілді, ол ауылда ақындар галереясын жасақтады, ақындар гвардиясын құрды. Аспандағы бұлттардан айшуақ ой, астарлы пікір түйген ақын Аманқос Ершуов өлеңдері алаш жұртының адуынды ақыны Қасым Аманжоловтың сарынымен сабақтас, екпінімен ерулес. Аманқос ақынның жырлары қыннан шыққан қанжардай жүйрік, Атыраудың атан жығар желіндей екпінді, Жемнің ақшағылын емірене сүйіп, есіле ағатын ағысындай жанға жайлы. Өлеңінің ішкі қуаты мен сыртқы шуағы қатар түсіп, құйрық-жалы сүзіліп қатар ағатын жігері Қасымның қылыш-жырына қайралғандай әркез серпінді де сергек. Басқалардан гөрі Қасымға жақын қаламгер ағамыз өмірден өткелі қырық күнге таянды. Ақын жырлары жүректерден өшпек емес. Жылыойға қарай қанатын қомдаған сағыныштың жел қанатына байланған осынау үшбу тілек ақ парақтарға құйылып, ақша бұлттардың көшіне еріп, атажұрт – Ақкиізтоғайыма қарай самғап барады. Бұлттанушы бұйрабас ағасының аруағыңмен қорғай жүрді.
Осы кезеңдерде ақын ағамның өлеңдері республикалық газет-журналдардың бетінен жиі көріне бастады. Аманқос поэзиясының білгірі әрі жанкүйері әкемнің де оқитын газетінің ауқымы үлкейіп кетті. Бір күні «Ембі» газетіне шыққан «Шопан» деген өз өлеңімді әкеме «Кәке, Аманқостың жаңа өлеңін оқып берейін» деп мәнерлеп оқып бердім. Оқып болып, әкем қалай қабылдар екен деп, бетіне жалтақ-жалтақ қарап қоямын. «Ой, пәлі, жақсы өлең екен, Назардың баласының өлеңі екені көрініп тұр» деп әкем жарқылдап қуанып қалды. Ішім жымың ете қалды. Бұл менің өнер жолында сырттай алған алғашқы жақсы бағам еді. Біз, сөйтіп, Аманқос Ершуовтай ақын болсам ғой, біз боп қуанады екен деп армандайтын болдым. Өлеңді де бұрынғыдан жиі жаза бастадым. Осылайша Аманқос ағам да біліп, білмей мені әдебиет ауылына жетелей жөнелді.
Осы кезеңдерде ақын ағамның өлеңдері республикалық газет-журналдардың бетінен жиі көріне бастады. Аманқос поэзиясының білгірі әрі жанкүйері әкемнің де оқитын газетінің ауқымы үлкейіп кетті. Бір күні «Ембі» газетіне шыққан «Шопан» деген өз өлеңімді әкеме «Кәке, Аманқостың жаңа өлеңін оқып берейін» деп мәнерлеп оқып берген екен. Оқып болып, ол қалай қабылдар екен деп, бетіне жалтақ-жалтақ қарап қоямын. «Ой, пәлі, жақсы өлең екен, Назардың баласының өлеңі екені көрініп тұр» деп әкем жарқылдап қуанып қалды. Ішім жымың ете қалды. Бұл біздің өнер жолында әкемнен сырттай алған алғашқы жақсы бағам еді. Мен, сөйтіп, Аманқос Ершуовтай ақын болсам ғой, әкем қуанады екен деп армандайтын болдым. Өлеңді де бұрынғыдан жиі жаза бастадым. Осылайша Аманқос ағам да біліп, білмей мені әдебиет ауылына жетелей жөнелді.
1969 жылы Алматыда жас ақындардың республикалық фестивалі өтті. Оған Гурьев облысынан біздің ұстазымыз, әдебиет пәнінің мұғалімі Аманқос Ершуов ағамыз қатысуға кетті. Ол кезде мен оныншы класта оқып жүргенмін. Туыстас Бөкей ағамның үйінде жатып оқимын. Ол кісі «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерін жаздырып алады. Барлық газеттерді ұқыптап жинап, тігіндісін жасап, қабырғаға іліп қояды. Мен де соларды жатып алып оқимын. Бір күні «Қазақ әдебиетін» ашып кеп қалсам, Аманқос ағайдың Қасым туралы өлеңі жарқ ете түсті. Жата қалып оқиын. Жұлып әкетіп барады. Екпін, ырғақ, құйылған сөз, төгілген теңеу. Қасымның отты жырының жалғасындай болып лаулаған сол жыр газеттің бетін де лаулатып тұрғандай болды. Ақжарма ақын Ғафу Қайырбеков өлеңмен төгілдіріп ашқан сол ақындар жиынында қазақ поэзиясына тегеурінді топ, жаңа жыр жүйріктері келді. Солардың алдыңғы қатарында Аманқос Ершуовтың да аты шығып, академик Зейнолла Қабдолов «Қазақ өлеңіне жаңа Қасым келді» деп жар салды. Осылайша қазақ поэзиясының жаңа жүйріктері қатарында жарқ етіп көзге түскен жас талант Аманқос Ершуов әйгілі француздар тудырған: «Ақындар ауылда туып, астанада тұрады» деген қанатты сөзге бағынбай, өзінің баянына біткен бірбеткей мінезіне бағып, туған ауылында қалды. «Ауылда туған ақындар ауылда күн кешеді» деген ұғымды қалыптастырды. Осынысы дұрыс болған секілді, ол ауылда ақындар галереясын жасақтады, ақындар гвардиясын құрды. Аспандағы бұлттардан айшуақ ой, астарлы пікір түйген ақын Аманқос Ершуов өлеңдері алаш жұртының адуынды ақыны Қасым Аманжоловтың сарынымен сабақтас, екпінімен ерулес. Аманқос ақынның жырлары қыннан шыққан қанжардай жүйрік, Атыраудың атан жығар желіндей екпінді, Жемнің ақшағылын емірене сүйіп, есіле ағатын ағысындай жанға жайлы. Өлеңінің ішкі қуаты мен сыртқы шуағы қатар түсіп, құйрық-жалы сүзіліп қатар ағатын жігері Қасымның қылыш-жырына қайралғандай әркез серпінді де сергек. Басқалардан гөрі Қасымға жақын қаламгер ағамыз өмірден өткелі қырық күнге таянды. Ақын жырлары жүректерден өшпек емес. Жылыойға қарай қанатын қомдаған сағыныштың жел қанатына байланған осынау үшбу тілек ақ парақтарға құйылып, ақша бұлттардың көшіне еріп, атажұрт – Ақкиізтоғайыма қарай самғап барады. Бұлттанушы бұйрабас ағам аруағыңмен қорғай жүр…
Аманқос Ершуовты оқырманға таныстырып жатудың қажеті жоқ. Сонау алпысыншы жылдардың орта тұсында академик-жазушы Зейнолла Қабдоловтың назарын «Ақ бұлттар, қара бұлттар, ала бұлттар, Көрдің бе аспанда да алалық бар. Біреуде қарт та болса шалалық бар, Біреуде жас та болса даналық бар» жалғыз шумақ өлеңімен өзіне аудартып, дуалы ауыздың батихалы батасын алған балаң ақын өмірінің соңына дейін өзінің нұрлы нысанасынан ауытқып көрген емес. 18 тамыз ақынның туған күні болса, 21 тамыз ақынның өмірден өткен күні. Осы күнге орай Аманқос ақынның бір топ жырларын оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.