Қазақстандықтар Елтаңбаны неге танымайды?

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
519

Елордалық жастар Астана мен Алматы қалаларында 500-ден астам әртүрлі жастағы тұрғыннан Елтаңбаның 6 нұсқасы салынған суретті көрсетіп, әлеуметтік эксперимент жүргізді. Алты нұсқаның тек біреуі ғана дұрыс та, қалғандарында кейбір детальдері өзгертілген. Бұл туралы zhana.adamdar  инстаграм парақшасында видео ролик жарияланды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы". 

Нәтижесінде сауалнамаға қатысушылардың 30 пайызы ғана дұрыс Елтаңбаны бірден тапса, қалған 70 пайызы шатасқан. Кейбірі тіптен қанатты пырақтардың орнына құстар мен айдаһарлар бейнеленген нұсқаларын да таңдаған көрінеді.  

Сауалнама барысында отандастарымыздан біздің мемлекетімізді адами қасиеттермен сипаттап беруі сұралған.

Астана мен Алматы қалаларындағы тұрғындардың басым көпшілігі бірдей жауап берді. Қазақстан - бұл қонақжайлылық, еркіндік, отбасы құндылықтары мен бірлік.

Бірақ та, осы айтылған басты құндылықтарды қазіргі біздің Елтаңбамызда көре алмағандары жайлы респонденттердің басым көпшілігі атап өтті.

«Мемлекетіміздің қазіргі елтаңбасы бірлік пен ынтымаққа шақырып, рәміз ретінде өз маңына шоғырландыра ала ма? Сауалнама қорытындысы қарапайым тұрғындарымыздың рәміз мағынасын түсінбейтінін және тани алмайтынын да көрсетті. Қарапайым халық үшін рәміз - кітап беттеріндегі сурет секілді немесе міндетті түрде басшылардың кабинеттерінде ілініп туруы керек мемлекеттік дүние ретінде қабылданғандай, Елтаңбамыздың семиотикаға немесе мағынаға ие болмағандығы ма?» - деп атап өтілген «Жаңа адамдар» жастар бірлестігінің хабарламасында.


Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...