Қазақстандық актер Африкада «Үздік ер адам бейнесі» жүлдесімен марапатталды

КИНО
2559

Камерун астанасы Яунде қаласында өткен «YARHA Festival» халықаралық кинофестивалінде «Ақ боз үй» фильміндегі Пахраддин образы үшін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемалов «Үздік ер адам бейнесі» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.


Фильм Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, кинодраматург С.Елубайдың «Ақ боз үй» романының желісі бойынша түсірілген. Кинокартина өткен ғасырдың 30-жылдарында қазақ ауылының тұрғындарының басына түскен сынақтар туралы өмірде болған оқиғаны баяндайды. Режиссер Б.Елубайдың фильмі бір отбасының тарихына тоқталып, Қ.Кемалов би Пахраддиннің рөлін сомдады. 

Туынды жергілікті көрерменнің оң пікірін алып, олар отандық кино актерлерінің ойынын жоғары бағалады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркияның Бурса қаласында өткен «KORKUT ATA» түркі әлемі фильм фестивалінде де актер Қ.Кемалов Пахраддин образы үшін «Үздік ер адам бейнесі» аталымы бойынша үздік деп танылған болатын.

author

Қайрат Кемалов

Шоу-бизнес

Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы экс-күйеуінің үстінен рес...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда ер адам адам зейнеткерді өлтірген соң қашамын деп полиция ғимаратына барып тығылған, деп хаб...