АЭС құрылысы қашан басталатыны белгілі болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
922

Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысының 2029 жылы басталатынын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.  

Алмасадам Сәтқалиев жоба қазір алғашқы құрылымдық бетон құюға дайындық кезеңінде тұрғанын мәлімдеді. Алайда, бұл өте ұзақ әрі күрделі процесс екен. АЭС құрылысы кең ауқымды инженерлік зерттеулерді қажет етеді.

«Бұл кезеңге жету үшін техникалық құжаттар, жобалық зерттеулер, жабдықтарды таңдау және қауіпсіздік талаптары толық тексерілуі қажет», - деді агенттік төрағасы.

Сәтқалиевтің түсіндіруінше, «алғашқы бетон» жобаның нақты құрылысы басталғанын білдіреді.

«Көп нәрсе жабдықтың құрамына және жобалық жұмыстарға байланысты. Әзірге нақты айту қиын, Ресейдің жоспары бойынша 2029 жылы басталады деп болжап отырмыз. Келесі жылы да жобалық зерттеу жұмыстары жалғасады», - деді Сәтқалиев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...