Педофилдер мен террористерге Қазақстанға кіруіне тыйым салынады

Қоғам
814

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң екінші оқылымда қаралып, қабылданды,-деп хабарлайды madeniportal.kz.

Аталған заң аясында кәмелетке толмағандарды жыныстық қатынасқа итермелеген, осындай әрекеті  үшін сотталған шетелдіктердің Қазақстанға кіруіне және ел азаматтығын алуға шектеу қою ұсынылды.
Сонымен қатар құжатта экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге елге кіруге тыйым салынады.

Айта кетейік, халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заң жобасы бірінші оқылымда 2022 жылдың сәуірінде мақұлданған болатын. Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы заңды екінші оқылымда қабылдады.

Жаңалықтар

26 қаңтарда "Гүлдер" саябағындағы мұз айдынында белгісіз себептермен бір топ жасөспірім кәмелетке то...

Жаңалықтар

40 жыл көлік жүргізіп, Франция телеарнасының жұлдызына айналған 75 жастағы қазақ әжей өзі жайлы сыр...