Тараз қаласында су саласына маманданған ЖОО құрылады

Жаңалықтар
387

Президент кеңесшісі Қанат Бозымбаев Назарбаев университетте өтіп жатқан халықаралық форумда су саласына маманданған ЖОО Тараз қаласында құрылатынын айтты. Бұл туралы madeniportal.kz хабарлайды.

Форумның ашылуында сөз сөйлеген Қанат Бозымбаев елдегі базалық ЖОО-ның бірі су саласына маманданатынын айтқан болатын.

БАҚ өкілдері Президент кеңесшісінен әңгіме қай жоғары оқу орны туралы екенін нақтылады.

«Тараз қаласында Жамбыл гидромелиоративтік институты болды ғой, соны қазір тиісті министрліктер қарап жатыр. Жаңадан осындай су саласына ғана маманданған университет құру керек. Қазір осы мәселелерді қарап жатырмыз. Себебі бізде маман тапшылығы бар. Біз қазірдің өзінде балаларды басқа мемлекеттерге жіберіп жатырмыз. Бізде де мамандықтар бар. Бірақ мамандандырылған бір университет немесе институт болу керек», - деді Қанат Бозымбаев.

Жаңалықтар

Түркістан облысы Келес ауданындағы N8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің өзбек тілі...

Жаңалықтар

Қостанай облысында зауыт жұмысшысы зауыттағы бетон араластырғышқа құлап, қайтыс болды, деп хабарла...