Атақты айтыскер, «Халық ақыны» Әселхан Қалыбекова дүниеден өтті, - деп хабарлайды "...
Tumarsafetaxi: Алматылық жүргізушілер жолаушы қыздарға алымсақтық жасады
Сурет ашық дереккөзден алынды
«Жаңа адамдар» қозғалысының белсенділер «TUMAR» азаматтық науқанын қолға алды. Белсенділер Алматыда бірқатар рейд жүргізді. Олар қаладағы таксистерді тексеріп көрді, деп хабарлады madeniportal.kz.
Бірінші күні барлық 7 сапар кезінде жүргізуші тарапынан орынсыз қырындаулар мен ерсі әрекеттер болған. Эксперименттің екінші күні төрт сапардың тек біреуі ғана қалыпты аяқталған. Басқа екеуінде ерсі мәлімдемелер мен тұспалдаулар кезіккен. Ал төртінші сапар кезінде нағыз масқараның беті ашылған.
Жүргізуші есіктерді құлыптап, «жолаушы қызды» жоспарланбаған бағдармен алып кетті. Олардың соңынан ерген TUMAR жобасы белсенділерінің көлігі таксиді тоқтатуға тырысты, бірақ жүргізуші ізіне түскендерден жалтаруды ойлаған. Қудалау кезінде есіктерін құлыптап, жолаушыны ала қашқан көлік тоқтауға мәжбүр болды. Оның жүргізушісі 1995 жылы туған Ерболат Аманжолұлы екені анықталды. Бір қарағанда, ол - қарапайым адам және лайықты отағасы. Алайда, камера жүргізушінің жолаушы қызға әдепсіз сөздер айтып қана қоймай, сапар барысында оған қолын тигізуге тырысқанын түсіріп алған. Белсендінің орнында, дайындалған соңынан еруші командасы жоқ, басқа қыз болған жағдайда не болатынын елестету қорқынышты.
Жанжал соңында жүргізуші қылмыс орнынан ізін суытты. Қудалау кезінде Ерболат Аманжолұлының көлігінің мемлекеттік нөмірі түсіп, оның жеке мәліметтерін анықтауға мүмкіндік туды. Белсендіге жасалған шабуыл фактісі үшін «Жаңа адамдар» полицияға арыз жазды. Көлігінің жоғалған нөмірін шабуылдаушы Владимир Коккинаки көшесі, 7 үйде орналасқан Қозғалыстың алматылық кампусынан алып кете алады. Әрине, егер батылы жетсе.
Эксперимент әйелдердің таксиде жүйелі түрде алымсақтыққа тап болатынын дәлелдеді. Кейде жағдай физикалық зорлық-зомбылыққа дейін жетеді. Десек те, бұл туралы айту әдепсіздік болып саналады. Жолаушы қыздар болған оқиғаны ұмытуды жөн көреді. Бұл азғындардың өзін жазасыз сезінуіне және қылмыс жасауды жалғастыруына мүмкіндік береді.
«Бастарыңыздан өткен зорлық-зомбылық пен алымсақтық туралы айтудан қорықпаңыздар. Осы бейнежазбаның пікірлер бөлімінде өз оқиғаларыңызбен бөлісіңіздер. Әлеуметтік желілерде #tumarsafetaxi хэштегімен бейнежазбалар жариялап, кімнен сақ болу керектігін көрсетіңіздер. Олар жария болудан қорқады. Демек олардың аты-жөні мен көліктерінің мемлекеттік нөмірлерін бүкіл елге көрсету керек. Олардың қылмыстары туралы бүкіл Қазақстан білсін!», - деді «TUMAR» жобасының өкілі Шакизада Слемғали.