Елордада бір тоннадан астам палау әзірленді

Мереке
202

Елорданың орталық саябағында Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінің аспаздары бір тоннадан астам палау әзірледі, - деп хабарлайды madeniportal.kz.Фотосурет: Фото: gov.kzАстана әкімдігінің мәліметінше Наурыз мейрамы орталық саябақта алғаш рет тойланып жатыр. Мереке халықаралық деңгейде өтіп жатыр. Іс-шараға көрші елдердің аспаздарымен қатар Тәжікстан мен Иран елшіліктері де қатысты. Олар киіз үйлерін тігіп, онда өз мәдениетінде Наурыз мерекесінің тойлануының айырмашылықтары туралы әңгімелеп, дәстүрлі тағамдармен дәм таттырды.

Саябақтың аллеясында тазы мен батырлар шеруі өтіп, домбырашылар әйгілі халық әндерін орындап, ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.

Мерекелік шараға елордалық «Барыс» клубының хоккейшілері мен клубтың бойтұмары «Барсик» келді. Мұнда олар жанкүйерлерімен кездесіп, қолтаңба беріп, естелік суретке түседі.

Орталық саябақта көктемнің басты мерекесі екі күн бойы тойланады. 22 наурыз күні де сағат 13:00-де концерттік бағдарлама өтіп, ұлттық тағамдар әзірленеді.

Жаңалықтар

Талдықорғанда із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам бір күннен кейін өртенген көліктің ішінен өлі табылға...

Жаңалықтар

Қазақстандық 18 жастағы азамат “Қырымға соғысқа барамын” деген хабарламаның салдарынан ш...