Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнімен құттықтады

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
859

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды мерекемен құттықталы, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бүл туралы Ақорда жазды.

«Қымбатты отандастар!

Республика күні құтты болсын!

Қазақстан осыдан 35 жыл бұрын Егемендік деклара­ция­сын қабылдап, жаңа дәуірге қадам басты. Тарихи құ­жат­та халқымыздың өз болашағын дербес айқындау құ­қығы нақты көрініс тапты. Сол арқылы бостандықтың бай­рағын көтеріп, заманауи мемлекет құруымызға жол ашылды. 

Содан бері еліміз қиын да күрделі жолдан өтті. Біз Тәуел­сіздігіміздің саяси-экономикалық тұғырын бекіт­тік, шекарамызды айқындап, оны бүкіл әлемге таныт­тық, жаңа астанамызды салдық. Сондай-ақ жалпыұлт­тық бірегейлігімізді нығайту, азаматтарымыздың әл-ау­қатын арттыру жолында зор жетістікке қол жеткіз­дік. Қазақстан салиқалы әрі сындарлы сыртқы саяса­ты­ның арқасында өзінің ұлттық мүддесіне адал, халық­ара­лық абырой-беделі жоғары мемлекет ретінде қа­лып­тасты. 

Дегенмен алдымызда бұдан да зор міндеттер тұр. Біз қазіргі алмағайып замандағы орасан сын-қатерлерге қарамастан, барлық азаматқа бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Саясаттағы, эко­номика мен әлеуметтік саладағы реформалар Ота­нымыздың өсіп-өркендеуін қамтамасыз етіп, халқы­мыз­дың тұрмыс сапасын арттыруды көздейді. 

Біз «Заң және тәртіп» қағидатын, «Таза Қазақстан» идео­логиясын, отаншылдық пен тілеулестік, еңбек­қор­лық пен жауапкершілік, білімпаздық пен кәсібилік құн­дылықтарын қоғамда барынша орнықтырып, келе­ше­гіне сеніммен қарайтын озық ойлы ұлт ретінде қа­лып­тасып келеміз. 

Әр буынның өз миссиясы бар. Осы орайда, бабалар өсие­тін ұмытпай, қастерлі Тәуелсіздігімізді нығайта тү­су, Қазақстанды дамыған, жасампаз әрі әділетті ел ету  – бәрімізге ортақ парыз. 

Біз еселі еңбектің, өзара қолдаудың және ең басты­сы, мызғымас бірліктің арқасында барлық жоспары­мыз­ды табысты жүзеге асырып, жаңа белестерді бағын­дыра беретінімізге сенімдімін. 

Еліміздің келешегі – әрқайсымыздың қолымызда. 

Қазақстанның көк туы әрдайым биікте желбіресін! 

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және мол та­быс тілеймін!», делінген хабарламада.



 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарл...