Қазақстанда алғаш рет ерекше балаларға арналған орталық ашылады

автордан

ЖАҢАЛЫҚТАР
604

Қазақстандағы алғашқы ерекше балаларға арналған «Арқанды ойын алаңы» мен «Инклюзивті шығармашылық орталығының» ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Күні: 1 қыркүйек

Уақыты: 11:00

Мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылы, Наурыз көшесі, 69 үй    

Құрметті журналистер мен қоғам өкілдері!

“Балалар инклюзивті академиясы” қоғамдық бірлестігі, ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған тегін мектеп. Сіздерді 1 қыркүйек күні өтетін Арқанды ойын алаңы мен инклюзивті шығармашылық орталығының ресми ашылу салтанатына шақырады.

Бұл орталық – Қазақстандағы жалғыз әрі тегін инклюзивті білім беру және шығармашылықты дамыту кеңістігі. Оның басты мақсаты – ерекше білімді қажет ететін балалар мен жастарға шығармашылық қабілеттерін шыңдауына жағдай жасау, білім алуда тең мүмкіндіктер беру және қоғамда инклюзия мәдениетін кеңінен насихаттау.

Бағдарламада ашылу рәсімі, 1-сынып оқушыларын қарсы алу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні шырқалып театралдық көрініс “Білім ханшайымы” бейнелік қойылымы сондай ақ, алғашқы қоңырау рәсімі

Сонымен қатар, салтанат барысында балалардың өнер көрсетулері мен шығармашылық жұмыстары ұсынылып, орталық қызметімен танысуға мүмкіндік беріледі. Арнайы шақырылған қонақтар мен сарапшылардың қатысуымен панельдік пікірталас өтеді.

Бұл игі шара – еліміздегі білім беру мен мәдениет саласында инклюзияны дамытудың маңызды қадамы. Сіздердің қатысуларыңыз біздің ортақ мақсатымызға – әр баланың толыққанды қоғам мүшесі болуына қолдау білдіреді.

Келіңіздер, жүректерді біріктірген білім мен өнердің жаңа бастамасына бірге куә болайық!

Байланыс үшін:

Телефон: +7 778 708 27 79