Енді туыстар арасындағы некеге тыйым салынады

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Әлем
2301

Әзірбайжанның Милли мәжілісі (Парламенті) 2024 жылдың 28 маусымында жақын туыстары арасында қиылатын некеге тыйым салатын өзгерістер енгізілген Отбасы кодексі үшінші және соңғы оқылымда қабылданды, деп жазады madeniportal.kz тілшісі kaz.zakon.kz сілтеме жасап.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, некеге кедергі келтіретін жағдайлар бойынша Кодекс баптарына екі тармақ қосылды:

  • биологиялық атасы немесе әжесі ортақ, бір кіндіктен тараған бауырлардың балалары арасындағы одақтарға тыйым салу;
  • биологиялық туыстығы бар немере ағалар мен немере әпкелер арасындағы некеге тыйым салу.

Сондай-ақ, Отбасылық кодекстен дәлелді себептер болған жағдайда некеге тұрғысы келетін кәмелетке толмағандар үшін неке жасын бір жылға төмендету туралы тармақ алынып тасталды.

"Көп жағдайда қолданыстағы бұл заңнамалық норма кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарының шектелуіне әкеліп соғып жатады, өйткені дәлелді себептер қандай критерийлер бойынша анықталатыны анық көрсетілмеген", – деп түсіндірді Әзірбайжан Парламенті.

Естеріңізге сала кетейік, Әзірбайжандағы некелесуге 18 жаста рұқсат беріледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал продюсер Жан Мұқанов сегізінші рет әке атанды, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Өнер иесі қуа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Әділ Сламхан ауруханада жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Өнер иесіне ота жасалған...