Бүгін жел күшейіп, боран соғады

Ауа райы
1496

26 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды madeniportal.kz «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін еліміздің тоғыз өңірінде боран соғады.

Алматы, Шымкент, Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында, оңтүстігінде, Алматы облысының таулы аймақтарында, Батыс Қазақстан, Қостанай облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түседі. Таулы жерлерінде боран соғады.

Антициклон әсерінен 26 ақпанда еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың қалған бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, жел күшейеді, тұман түседі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал журналист Руслан Өтепбай арнайы Тараз қаласына барып Құндыз бен Назгүлдің жағдайын біліп қай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 14 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен, деп...