«Берлинале 2020» жеңімпаздары

КИНО
2188

70 Берлин халықаралық кинофестивалі 20 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтті. Негізгі конкурс қазыларын ағылшын актері Джереми Айронс басқарды. Филипп Фалардо түсірген «Менің Сэлинджермен бір жылым» (My Salinger Year) – ашылу фильмі болды.

Мерейтойлы фестиваль біраз өзгерісімен ерекшеленді. 2020 жылы кинофестивалді директорлар ретінде Карло Шатриан мен Мариэтт Риссенбек басқарды. Олар 2001 жылдан бері директор болып келген Дитер Коссликті алмастырды.

Сонымен қатар екі конкурстық бағдарламаға тағы біреуі қосылды – «Қақтығыстар» («Encounters«).

Енді жеңімпаздар туралы:

Негізгі конкурс

  • «Алтын аю» – «Шайтан деген өтірік» / «Sheytan vojud nadarad» (Мохаммад Расулоф)
  • Әділқазылар Гран-приі – «Ешқашан сирек кейде әрқашан» / «Never Rarely Sometimes Always» (Элиза Хиттман)
  • Үздік режиссерлік жұмыс үшін «Күміс аю» – Хон Сан Су («Қашқын әйел» / «Domangchin yeoja»)
  • Үздік әйел рөлі үшін «Күміс аю» – Паула Бер («Ундина» / «Undine»)
  • Үздік еркек рөлі үшін «Күміс аю» – Элио Джермано («Мен жасырынғым келді» / «Volevo nascondermi»)
  • Үздік сценарий үшін «Күміс аю» – ағайынды Д’Инноченцо («Нашар ертегілер» / «Favolacce»)
  • Кино өнері саласындағы көрнекті жетістіктері үшін «Күміс аю» – операторлық жұмысы үшін Юрген Юргес («ДАУ. Наташа»)
  • 70 Берлиналенің «Күміс аюы» – «Тарихты өшіру» / «Effacer l’historique» (Бенуа Делепин, Густав Керверн)

«Қақтығыстар» конкурсында С. В. Винтер мен Андерс Эдстрёмнің «Жұмыс пен күндер» (Таёко Сиодзири Сиотани аңғарында) / The Works and Days (of Tayoko Shiojiri in the Shiotani Basin) фильмі үздік деп танылды. Ал қысқаметраж фильмдер конкурсында «Т» (Кейша Рэй Уизерспун) картинасы «Алтын аю» алды.


PESTEL

Үндістанда 12 жастағы оқушы қыз сабаққа кешіккені үшін мұғалімнің тапсырмасымен 100 рет отырып-тұрға...

PESTEL

Жизақта 18 жастағы қыз танысын жезөкшелікпен айналысу мақсатында Таиландқа жіберуді ұйымдастырмақ бо...